Мәжіліс депутаты теріскейде болды
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бәйділда Жылқышиев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданына болып қайтты. Сапар барысында бірқатар кәсіпорындарды аралаған халық қалаулысы ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Депутат Жылқышиев алдымен Шолаққорған ауылында орналасқан индустриалды аймақтағы «UKO-S Star» металл құрастыру зауытын көрді. 2013 жылы іске қосылған зауыт Уран өндіруші кәсіпорындарға арналған металл бөшкелер шығарады. Бүгінде 44 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, «UKO-S Star» «металл құрастыру зауыты» ЖШС-нің екінші зауытының құрылысының барысымен танысты. Аталған жоба жыл соңына дейін құрылысы аяқталады. Зауытты іске асыру үшін 337 млн теңге инвестиция жұмсалады деп күтілуде. Алдағы уақытта зауытта 25 адам тұрақты жұмысқа тартылады. Сонымен қатар астаналық қонақ «Наурыз» мөлтекауданында салынып жатқан 50 тұрғын үйдің құрлысын аралап жоғары бағасын берді. Бұдан өзге жуырда пайдалануға берілетін 280 орындық балабақшамен танысса, жақында пайдалануға берілген мүгедектер цехның аралап, өнімдерін көрді. Бүгінде Созақ аудандық мұмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылған цехта 15 адам жұмыс істеуде. Мұнан соң аудандық орталық емхана қызметкерлерімен кездескен депутат ақ халаттылардың талап-тілектерін тыңдады.
Ауданға жасаған сапары барысында мәжіліс депутаты «Нұр Отан» партиясының ғимаратында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп пікір алмасты. Кездесуде Созақ ауданында атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалайтынын айтып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға жұмыла жұмыс істеу керектігін атап өтті. Ұсыныс пікірлерді тыңдаған ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Б. Жылқышиев көтерілген мәселелрді тиісті органдарға жеткізіп, шешілуіне ықпал ететінін айтты.
- ОҚО
- ЮКО
- Мәжіліс депутаты
- мәжілісмен
- депутат
- Жылқышиев
- Корреспондент