Елбасы ОҚО-дағы тез дайындалатын тағам өндіріс зауытын іске қосты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында тез әзірленетін тағам өндіріс зауытының іске қосылуына рұқсат берді.
Қазығұрттағы индустриялды аймақта ашылған «Lotus food» компаниясы тез әзірленетін тағам өнімдерін шығарады. Аталған жоба шетелден келетін өнімдер импортын алмастыратын алғашқы зауыт болып отыр. 48 жаңа жұмыс орны құрылып отырған өндіріс орнына тартылған инвестиция көлемі 471 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, осы аймақта ауыл шаруашылығы саласына арналған биоорганикалық тыңайтқыштарды шығаратын фабрика құрылуда. Бұл өз кезегінде медицинада косметикалық препараттарға қосымша ретінде қолданылатын болады. Аталған жоба ТМД елдерінде баламасы жоқ серіктестік болып табылады.
Аумағы 40 гектар болатын аудандағы индустриялды аймақ - тамақ өнеркәсібі мен құрылыс индустриясы бағытында дамып жатыр.
- ОҚО
- ЮКО
- Аким ЮКО
- ОҚО әкімі
- Бейбут Атамкулов
- Бейбіт Атамқұлов
- Корреспондент
- қызық ақпарат