Министрлерiмiз өз халқына қарсы жұмыс істеп жүрген жоқ па?
Кәсіби Парламент құру үшін мерзімінен бұрын сайлау өткіздік. Дәл осы жолы әділ болуы тиіс деп көпшілік сенген саяси науқан әдеттегі сайқымазақ сарында өтті. Сайлау өткен соң жағдай өзгерер деп үміттеніп едік. Үмітіміз ақталды. Жағдай өзгерді. Бірақ қай жаққа? Сайлау ауыр тиді ме, әлде дағдарыс кезіндегі күтімі нашар боп жүр ме, әйтеуір жоғары жақтағылар өздерін «біртүрлі» сезініп жүрген сияқты. Күн құрғатпай не мәжіліс депутаттарының, не министрлердің «ауыздарынан авария боп» жатқанының куәсі болып жүрміз.