Сараптама
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сараптама

Қытайдың не ойлағаны бар?

Жер дауы туындағалы бері сол жердің басым бөлігін жалға алады деп жоспарланған Қытайға деген ел қызығушылығы кенеттен арта түсті. Халық Қазақстанда қанша қытайлық компания бар, олар немен айналысады, Қытаймен сауда-саттығымыз қалай, қанша қытай Қазақстан азаматы атанған – осы және өзге де көптеген сұрақтарға жауап іздеуге кірісті. 

«Откат» бермесең, несие жоқ»

Шағын және орта бизнеске тұсау болып отырған кедергілер жайында газетіміздің өткен сандарында бірнеше рет жазған болатынбыз. Бұл салада сыбайлас жемқорлық пен парақорлық түпкілікті жайғасып, тамыр жібергені жайлы аз айтылмайды. Өткен аптада біз бұл жағдайға тағы көз жеткіздік.

Импорт ұлғайып, экспорт азайып барады

Биылғы ақпан айындағы мәліметке жүгінсек, бір айдағы Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 4490,4 млн долларды құраған. Бұл жерде импорттың көлемі – 1 652,1 млн доллар (36,8 %), ал экспорт – 2 838,3 млн доллар (63,2%). Экспорт өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда біршама азайған. Соңғы бір айда экспорттың бағасы 5,1%-ға, импорттың бағасы – 7,3 %-ға төмендеп кеткен.

Бес айдағы атышула бес оқиға

Әне-міне дегенше мешін жылының бес айын артқа тастаппыз. Былтырғы қой жылының қалай өтіп кеткенін байқамай қалған момын қазақ биылғы мешін жылының мінезділеу болып келгенін қазірдің өзінде мойындағандай болды. Әрине, әлі жартысына да жетпеген жылдың бағасын беруге ертерек, дегенмен соңғы бес айдағы атышулы оқиғалар анау-мынау жылға татитындай салмақты екені рас.

Кім қайда оқуға барады?

Бірер айдан соң жылдар бойы жиған білімін сарқып берген ұстаздардың үміті ақталатын, талайлардың бағы мен бабы шауып, талайдың сағы сынатын уақыт келеді. Қолдарына аттестатын алып, үлкен өмірге аяқ басу үшін қамданатын оқушылардың біразының болашағын «грант» деген бір ауыз сөз шешіп берердей. Ол күні қобалжу мен қорқынышты, әр шәкірттің жүзіндегі алаңдауды аңғару қиын емес. Алайда, ең қызығы, олардың көкейінде қазірдің өзінде «Қайда оқуға түскің келеді?» деген сауалға дап-дайын жауап та бар. 

Шымкенттіктің айлығынан қайыршының шайлығы көп

Шымкенттіктердің орташа айлық жалақысы Қазақстанның көптеген қалаларынан кем, бар-жоғы – 84 179 теңге. Ал бүкіл Қазақстан бойынша орташа жалақы көлемі – 133 922 теңге. Оңтүстік өңір жалақы көлемі жөнінен бүкіл аймақтар ішінде 14-орында! Парадокс! Шымкент қанша өркендеп, креатив, даму, бизнес жағынан бүкіл елдің алдына түсіп алғанымен, айлығы көтерілмей-ақ қойды. Керісінше, жолақы 70 теңгеге көтеріліп, Алматыға жетейін деп қалды (Алматыда – 80 теңге). Сол Алматыдағы орташа жалақы – 178 000 теңге десек, сенесіз бе? Бүкіл қазақстандық көрсеткіштен асып түсіп отыр. Жалақымыздың түрі мынау, соған қарамастан жолақыны Алматы, Астанамен теңестірудің қажеті бар ма еді?! 

Шіренген шенеунік болғысы келетіндер көп

Бұрындары парақорлықпен қолға түскен шенеуніктерге жұрт жиіркенішпен қарайтын. Бүгінде аяушылық білдіретін болды. Бейне бір бойын дерт дендеген сырқат қоғамның құрбандығы деп қарайтындай. Әуелгілер ала жіпті аттама, біреудің ақысын жеме дегенді жиі айтатын болса, бүгінгілер «Бара бергенше пара бер» дейтін болды. «Пара алып ұсталып, пара беріп құтылып кетіпті» дегенді де әзілге балап, әжуалап айтып жүргеніміз жасырын емес. 

Кім кімнің командасында? (2-бөлім)

Газетіміздің өткен санында «Кім кімнің командасында?» деген тақырыппен мақала жариялаған едік. Уәде еткеніміздей, сол мақаланың жалғасын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бүгінгі әңгімеміз Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов және оның командасына арналады.

Елінен безген билеушілер

Мемлекет басшысы – сол елдің өркендеуі мен онда тұрып жатқан халықтың әл-ауқатына тікелей жауапты тұлға. Ол билікте тұрған кезде үш нәрсе жасауға міндетті – өз жерінің шекарасын берік қылуы, өз елінің шаңырағын биік етуі (яғни елдің мәртебесін асқақтатуы) және өзі басқарып отырған елде қайыршының болмауын қадағалауы тиіс. Егер, ел тізгінін ұстап отырған мейлі ол хан болсын, сұлтан болсын, патша болсын не президент болсын халқы үшін осы үш жағдайды жасап бермесе оны қараша қанталапай етеді.

Елдегі ең үздік оқу орындары қайсы?

Қаңтар айындағы мәліметке сенсек, Қазақстанда 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 167-сі – азаматтық оқу орындары екен. Бұл білім ордаларының 55-сі – мемлекеттік болса, қалған 112-сі – жекенің меншігіндегі оқу орындарды.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter