«Ауыл» партиясының атын «Қала» партиясы деп ауыстыру керек
- Жансая АКБАЛИНА
«Фэйсбук» әлеуметтік желісінің қолданушысы Дәулет Серікбай өз парақшасында елдегі партиялардың жұмысына деген өкпесін жазып, «Нұр Отаннан» басқалары түк бітірмей отырғанына қынжылды.
«Нұр Отаннан» басқа партиялар не бітіреді? Неге айтыс ұйымдастырмайды? Неге мәдени шараларға атсалыспайды? Халықпен жұмыс істемейді деген сөз» деп ойын бастаған ол: «Ауылда тұрсам да «Ауыл» партиясының ауылға келгенін көрмедім, көшедегі мен көрген жарнамалары орысша ауылды емес, қаланың сыртындағы коттедж үйлерді ауыл деп санайтын сияқты» деп жазды ол. Әрмен қарай елдегі партиялардың әрқайсысына жеке тоқталып өтуді де ұмыт қалдырмаған.
«Қысқасы партиялар жұмыс жасаулары керек. Жыл бойы қоғамдық шараларға атсалысып тұрса, мынау жақсы партия екен ғой деген түсінік қалыптасады. Тіркеліп алып, дым бітірмей сайлауда ғана сайрағандары кімге керек?» деп ойын түйіндеген Д.Серікбай. Пост авторының сөзі өзгелердің қолдауына ие болғанымен, бірі бұл пост «Нұр Отанды» қолдайық деген мақсатпен жарияланған-ау дейді. Ол аз дегендей, тағы бір желі қолданушысы «Нұр Отаннан» басқалары аталған партияның жақтастары екеніне сенімді. Келесісі «Ауыл» партиясы ауылдың бар екенін біле ме екен? «Қала» деп ауыстыру керек атын, болмаса «удалить» ету керек» деп кесіп пікір қалдырған.
- Дәулет Серікбай