Көптен күткен бағыт бойынша пойыз қатынайтын болды
- Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ
Тұңғыш рет «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағыты бойынша пойыз қатынайтын болды. Көпшіліктің сұранысына сәйкес бұл бағыттағы пойыз өз қызметін 15 наурызда ресми түрде бастайды.
Қазақстан темір жолы» АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, темір жол көлігі Жезғазған-Қарсақпай-Байқоңыр-Көктал-Қоскөл-Қарашеген-Абай-Сексеуіл-Арал-Қазалы арқылы Қызылордаға дейін жолаушы тасымалдайды. Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік жоба бойынша жүзеге асып отыр. Жоспар бойынша темір жол көлігі Жезқазғаннан 19 сағат 12 минутта шықса, Қызылордаға келесі күні 19 сағат 53 минутта, яғни, 24 сағат 41 минутта жетеді. Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар Қызылорда өңіріне бару үшін Қарағанды арқылы қатынап, уақыт пен қаржылай шығынға тап болатын. Енді Сыр еліне тікелей жол салынып, жолаушыларға қуаныш сыйлап отыр.
- пойыз
- «ЖезқазғанСексеуілҚызылорда»
- Қызылорда