«Балаңызды биге бермеңіз»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Балаңызды биге бермеңіз»

  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Айдың күннің аманында неге балаларымыз жиі жоғалады? Осыдан бірнеше ай бұрын Ақмола облысындағы 13 жасар қыздың жоғалуы елдің жағасын ұстатып еді. Онан соң жыл басында Ордабасы ауданындағы алты жасар баланың, 15 жастағы оқушы қыздың із-түссіз жоғалуы елді тағы бір дүрліктірді. Ең сорақысы, жабыла іздеген кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың бірі ата-анасымен ұрысып Астана, енді бірі жамбылдық азаматтың етегінен ұстап ауыл асып кеткен. 

Он үштегі қыздың әлеуметтік желіде жігітпен танысуы, он бес жасар қыздың полицейлерді жарты жыл жертөледе өмір сүрдім деп алдауының астарында не бар? Өрімдей қыздар неге өз ата-анасынан қашады? Мұның бәрі түсініксіз де, жұмбақ жайттар...

«Қазақстанның интернет ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің мәліметінше, елімізде жыл сайын 1500-ге жуық бала жоғалады. Олардың ішінде оқиғаның ізін суытпай үйіне оралатындар мен өлі денесі табылатындар бар. Ал қалғандары мүлдем із-түссіз кететін көрінеді. Жуырда Батыс Қазақстан облысының прокурорлары балаларды тойға шығудан бас тартуға шақырды. БҚО Прокурорының көмекшісі Алмагүл Смағұлованың айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың үйлену тойлар мен мерейтойларда жартылай жалаңаштанып билеуі, өнер көрсетуі жыныстық мәндегі қылмыстардың артуына әкеп соғуда. Сөзін сандармен толықтырған ол 2012 жылы мұндай қылмыстың 12-сі тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 52-ге жеткенін айтты. Ал биыл, небәрі екі айдың ішінде, 10 қылмыс әшкереленіпті. Сондықтан педофилдерден бұрын олардың құрбандарын сақтандыруды қолға алған жөн екенін айтқан ол, шығыс билерін әйелдер күйеулері үшін орындағанын көпшіліктің есіне салды.

Осыдан кейін соңғы кездері тойда билеп жүрген бүлдіршіндерді ғаламтордан іздестіре бастадық. Белін жалаңаштап үнді биін билеген бес-алты жасар Айлин мен үнді әнін орындаған Кәмила есімді кішкентайдың той қонақтары бірінің беліне, енді бірінің бас киімінің жиегіне ақша қадап жатты. Осындай бірнеше видеоларды көріп отырып, шынында, шынашақтай қыздардың кеудесі мен бөксесін бұлтыңдатып би билегеніне масайған азамат-тарымыздың мәз болып, ышқырына ақша тығып жатқанын көрдік. 

Қазіргі қоғамдағы бүлдіршіндердің жоғалуы мен зорлануы өзекті мә-селелердің біріне айналуда. Кәмелеттік жасқа толмай жатып, жасөспірімдердің тағдырының талқан-далуы көпшілікті алаңдата бастауы заңдылық. Әйткенмен қылмыстың кемуі үшін қылмыскерді іздейтін елдің, алдымен балаларына абай болғаны жөн-ақ.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Астаналық бойдақ жігіт Баян Есентаеваға үйленуге дайын екенін айтты

Танымал продюсер Баян Есентаева оқиғасы елді есеңгіретіп, көптің талқысына түскен еді. Бүгінде ауруханада жатқан продюсердің амандығын тілеушілер саны күн санап артуда. Нұрталап Пердебек есімді астан...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter