Шомылу маусымы басталмай жатып 15 адам суға кеткен
- Жанат ҚАПАЛБАЕВА
Облыстық ТЖД басшысының орынбасары Талғат Сабыровтың ақпаратынша, суға түсу маусымы кезінде Тараз су қоймаларында, адамдардың жүзетін жерлерінде алты бекет құрылады.
«Тұрғындарды еңбекпен қамту орталығында жұмыссыз ретінде есепте тұрған Тараздың 22 тұрғыны қоғамдық құтқарушы болып жұмыс істейді, - деді ол. - Мұндай тағы екі бекет Қаратау қаласында қойылды, екі қоғамдық құтқарушы тартылды». Қауіпті орындарда оқыс оқиғалардың алдын алу үшін суға шомылуға тыйым салатын 137 белгі орнатылды. Облыстық ТЖД ақпаратынша, жыл сайын облыс су қоймаларында орташа алғанда 70 адам жапа шегеді. Олардың 15-ке жуығы қаза табады.
Ағымдағы жылдың басынан облыстық су қоймаларында 15 адам суға кетті, оның алтауы бала. Соның біреуі – күні кеше Тараз қаласындағы «Аквалайф» жекеменшік бассейнінде тұншығып қайтыс болған 8 жасар бала. Баланың денесін құтқарушы алып шығып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
- шомылу
- маусым
- Жамбыл облысы