Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз табылды
Шымкент полицейлері із-түссіз жоғалған 14 жастағы мектеп оқушысы Лилия Ахметованы тапты. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
2016 жылдың 17 маусым күні полицейлерге 36 жастағы жергілікті тұрғын, ағымдағы жылдың 15 маусым күні 8 сынып оқушысы, кәмелетке толмаған қызы үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы арызданған.
Жасөспірімді іздеуге ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Белгілі болғандай, жоғалған қыз алдын бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген.
Кешке, ағымдағы жылдың 21 маусым күні ОҚО ІІД криминалды полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында жоғалған 14 жастағы Лилия Ахметованы Шымкент қаласында танысының үйінен тірі және дені сау күйде тапты. Денсаулығына ешбір қауіп төнбеген. Тәртіп сақшылары қажетті шараларды жүргізген соң, Лилия Ахметованы ата-анасына тапсырды.
Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу барысын анықтауда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде
- Лилия Ахметова
- корреспонжент
- қызық ақпарат