ОҚО әкімі "Алтын белгі" иегерлеріне 500 мың теңге қаржылай сыйлық берді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО әкімі "Алтын белгі" иегерлеріне 500 мың теңге қаржылай сыйлық берді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов 2015-2016 оқу жылындағы ерекше үлгідегі «Алтын белгі» иегерлерін құттықтап, озат  түлектерге төс белгі мен Алғыс хат табыс етті.  Нақтырақ айтқанда, аймақ басшысы облыстағы мектеп-интернаттарды тәмәмдаған 116 түлекке «Алтын белгі» белгісін тапсырып, ҰБТ-да 125 балл жинаған 6 оқушыға 5ОО мың теңге көлемінде  қаржылай сертификат табыстады. 

 

«Бұл қуаныш – 11 жылғы үздіксіз еңбектің жеңісі. Тәжірибелі ұстаздардың еңбегі және ата-аналардың ақ тілегі. Сіздердің биылғы жеңістеріңіз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Сол Тәуелсіздігіміздің тірегі, Егемен елдің ертеңі ретінде Сіздерге, болашақта мәңгілік елдің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспін», - деді Б.Атамқұлов. 

Өз кезегінде, бітіруші түлектердің бірі – «Алтын белгі» иегері М.Турдиева аға буын өкілдеріне алғысын жеткізіп, өз замандастарына ақ жол тіледі. 
Салтанатты кездесу барысы мерекелік концертке ұласып, түлектер вальсі ұйымдастырылды. 

Айта кету керек, республика бойынша 2534 «Алтын белгі» иегері болса, соның 581-і ОҚО түлегі. Яғни, елімізден шыққан әрбір 4-ші «Алтын белгі» егесі біздің облысқа тиесілі болып отыр. Сонымен бірге, ҰБТ кезінде республикада 125 балл жинаған 19 түлектің 6-уы, яғни, әрбір үшіншісі - Оңтүстіктен.
Ерекше ескеретін жайт, биыл ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде Мақтарал ауданындағы Б.Момышұлы мектеп-гимназиясының «Алтын белгі» белгісіне үміткер 57 оқушының 40-ы немесе 70,1% өз білімін растап, облыста жоғары көрсеткішке жетіп отыр. 

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Депутаттың кедейі жоқ...

Дәулетті депутат – қалыпты жайт. «Тегін адам таз болмас» дегендей, халық қалаулысы атану үшін де жағдай мен қаражат қажет. Көбісі кәсіпкер, миллионер бизнесмен, бұрынғы шенеунік, жалпы алғанда қоғамда...

Жанат ҚАПАЛБАЕВА Саясат

Айдос САРЫМ, саясаттанушы: «Дайын емессің бе, онда жемқорлықпен күресемін деп айтпай-ақ қой»

Биыл Қазақстанның егемен ел болғанына ширек ғасыр толады. Өкінішке қарай, құлқынының құлына айналып, мемлекет қаржысына қол сұғатын сұғанақтардың саны кемитін емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттал...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Саясат

Отырардағы емхананның «потологы» опырылып түсті

Пайдалануға берілгеніне көп болмай жатып, құлап қалатын құрылыс нысандары кейінгі кезде көбейіп барады. Қарағандыдағы «Бесоба» кешеніндегі көпқабатты үйлердің өкініші әлі ұмытыла қойған жоқ. Оның ізін...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Дамыған 30 ел баяғы жартастың басында ма?

Қазақстанда кедейлер саны 2,5 миллионды құрапты. Бұл – елдегі барлық азаматтардың 14%-ы! Дүниежүзілік Банк жуырда жариялаған баяндамасында Қазақстанның әлеуетіне сараптама жасап, елімізде кедейшілікті...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter