Қошқар ата , Исмаил ата, Сөксөк ата кім болған? (Соңы)
(Соңы. Басы өткен нөмірлерде)
Біз жоғарыда Қожа Ахмет Яссауидің туысы Садр шейхтың Данышманд қожа және Абд ал Малик деген екі ұлы болған деген едік. Қазір осы Садр шейхтың Момын деген үшінші ұлы да болғаны айтылып жүр. Қожа Ахмет Яссауидің жалғыз ұлы Ибрагим дүние салған соң оның інісі Садр шейх үшінші ұлы осы Момынды Қожа Ахмет Яссауидің қолына береді. Содан осы Момын атаны ел Қожа Ахмет Яссауидің ұлы деп түсініп кетеді. Бұл жөнінен Р.М.Мұстафина : «Садира был сын Ходжа Момын ата Ходжа Ахмет относился к нему как к своему сыну. Люди так и называли его сыном Ходжа Ахмета Ясави»-дейді(Р.М.Мұстафина. Представления, культы, обряды у казахов. Алматы 1992г. 78 стр.).