Қошқар ата , Исмаил ата, Сөксөк ата кім болған? (Жалғасы)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қошқар ата , Исмаил ата, Сөксөк ата кім болған? (Жалғасы)

  • Еркебай БҮРЛІБАЙҰЛЫ

(Жалғасы. Басы №6)

Бексейіт бақсы кезінде бүкіл қазақ даласына танымал кісі екен. Оның үстіне ол сол Қошқар ата ауылының тұрғыны. Оның үстіне сол кісіден жазып алған кісі де елге танымал ғалым. Демек, әулиенің кесенесін тұрғызған кісіні біз де «Таш» деген кісі деп түсінеміз. 

Енді ғалым Р.М.Мустафинаға сөз берейік. Бұл XX ғ. соңында киелі жерлерді зерттеп жүрген ғалым: «По воспоминаниям 88-летнего Пари молда, жителя Созака, в детстве, в возрасте 12-13 лет ему приходилось видеть очень высокого человека, ни узбека, ни казаха, не курящего и не употреблящего насваи, который своими силами построил у святыни Кошкар ата мечеть и стал муллой. Раньше до 1956-1957 годов здесь в горах жили люди. На намазы и в дни религиозных праздников они ходили к святыне Кошкар ата» -дейді. (Р.М.Мустафина «Представления,культы,обряды у казахов» Алма ата. 1992 г. 102 стр.) Қысқасы Р.М.Мустафина өзінің кітабінде атаның сүйегі Созақтағы көне мазараттағы кесенеде жатыр депті. Ал Шардарбек қажы Әшімұлы «Әзиз әулиелер» кітабін жазу барысында Тұрбаттағы Қошқар ата кесенесінде де болыпты. Бірақ, ол осындағы Қошқар ата кесенесін өзінің кітабында «Исмаил ата» кесенесі деп беріпті. Одан не ұтқанын автордың өзі біледі. Содан өзінің кітабына ол: «Исмаил ата, Жәбірейіл ата, Қошқар ата» деген 13 жолдық мақала береді. (Аталмыш кітаптің 112 бетін қараңыз). Енді біз осы мақаладан үзінді келтіруді жөн көрдік:

«Алла тағала Ибрагим пайғамбарды сынамақ болып жар дегенде жалғыз ұлы Исмаилды Жәбірейіл періште арқылы құрбандық шалуға аян береді. Ибрагим пайғамбар Жаппар иемнің бұйрығымен ұлы Исмаилды құрбандық шалуға әрекет етуге шақ қалғанда көктен құрбандыққа көк қошқар түседі. Сол оқиғадан кейін үшеуі бөлінбейтін рухқа айналады (оқиға Арапат тауында болады Е.Б.). Үш әулиенің де кесенесі Тұрбатта бір жерде. Жағдайы келгенше зиярат етуші құрбандық шалуы шарт. Ол тек қошқар болуы керек депті. Ал енді сіз түсініп көріңіз. Сонда Тұрбаттағы Қошқар ата кесенесінде көктен түскен көк қошқардың рухы жатыр ма, әлде Қошқар ата әулиенің сүйегі жатыр ма, әлде Жәбрейіл періште жатыр ма, ол жағын автор ашып айтпады. Мен қажының «Әзиз әулиелер» кітабын талдаудан мүлде аулақпын. Жай, орайы келген соң айтылып отыр. 

Қошқар атаға зиярат ету бақсақ киелі жерлермен ғана шектелмейді екен. Қошқар ата деген киелі орын Сарыағаш ауданы Қошқар ата ауыл округінде де бар. Маңғыстауда да, Арқада да, Қырғызстанның Сусамыр деген жерінде де бар. Бұл жерлерде де Қошқар атаға сағана тұрғызылған. Енді мына бір тарихи дерекке көңіл бөлейік. 1537ж. Убайдуллах хан өзбек-қазақ ханы Қасым ханның немересі Тахир ханның тұсында қазақ хандығы барынша әлсірейді. Оның туысы Бұйдаш ханның тұсында қазақ хандығы жойылып кетуге шақ тұрған кез екен. Өзбек ханы Убайдуллах хан Шарапхана жолымен Қазығұртқа келеді. Одан Шымкент-Сайрам асып Түлкібасқа келеді. Одан Меркеге келіп Сусамыр асып, Ыстықкөлге келеді. Осы жерде Убайдуллах ханның қалың әскерін көрген ел осындағы Қошқар ата кесенесіне келіп, Аллаға мінәжәт еткені Зайнаудан Махмуд бен Абд ал-Диасил Васифидің «Вадан ал Вакан» шығармасында жазылып қалған. Демек, Қошқар ата әулиені біз 1537 ж. арғы жағынан іздеуіміз керек. Деректерде Қошқар ата «Пір» болған кісі. Демек атамыз кезінде мурид іздеп Сусамырға да келген болса керек. Мына Қошқар ата сағанасы тұрған жері атаның киелі қадым жайларының бірі деп біз де енді түсінгеніміз абзал. 

Пірлік ұғым 1148-1219 жылдардың ісі болмақ. «Пірлік» ұғымды қалыптастырған кісі Түркістанның қазіреті Қожа Ахмет Яссауи атамыз. Ол 1148ж. 45 жасында «Қазрети Түркістан» аталынған кісі. Ол Қазрет (Әзрет) атағын алған соң жер-жерге пірлік, сопылық қызметке тек өзінің тумаларын ғана жіберіп отырғаны «Насаб-Намада» айтылады. Яссауи өзінің хикметтерінде «өкіл-пірсіз тәңірге қатты сеніп бас игенімен құдай ондай муридтің құлшылығын, ғибаратын қабылдамайды» - деп өз ойын жиі-жиі қайталап отырғаны белгілі. Ол: «Егер хақты (Аллаһты) табамын десең бір пірге қалыңды бер»-дейді (Пахырнама және мүнажатнама 5б). «Мурид-пірінің досына дос, дұшпанына дұшпан болуы керек»,- дейді Зеңгі ата. «Егер пірсіз құдайға жүз, мың басыңды сен исең де құдай сені сүйіктісі етпейді»-дейді Қожа Ахмет Яссауи. Қошқар ата да Қожа Ахмет Яссауиге ұзақ болмағаны және өзінің атымен аталынған қоныстардағы муридтерінің әр кездерде пірі болғаны деп енді біз де түсінуіміз керек. Мысалы Сүлейман Қожа Хакимнің Үргенчте 5 мың мүриді, Суксук (Сөксөк) қажының шөлде 3 мың муриді, Яссауи Қожа Ахмадтың өзінің Түркістанда 12 мың муриді болғаны «Насаб-намада» айтылады. Ал 1219 жылы монғолдардың Отырарға, Сыр бойына, Орта Азияға шапқыншылығы кезінде «Пір, Сопы, Шейх» қызметіндегі кісілер елсіз шөл далаларға шығып мал бағып, бақташы болып, дихандар арасына барып егін салғаны мәлім. Мысалы Зеңгі ата Ташкенттен кетіп қазір ел Зеңгі ата ауылы деп жүрген жерге келіп падашы болса, Хасан ата (Ұзын Хасан) қазіргі Шардара ауданына келіп диханшылық етіпті. Ал сөз етіп отырған Қошқар ата, Исмаил ата қазіргі Дарбаза темір жол бекеті шығысындағы көне Дарбазаға келіп, қой баққаны ол да шындық. Ал Сөксөк (Суксук) ата Жылға темір жол бекеті шығысындағы өзінің атымен аталынған «Сөксөк» жеріне келіп, ешкі бағыпты. Пәрпі ата да сол тұста Әлімтау жеріне келіп, төрт түлік мал өсіріпті. 

Осында аты аталынған Сөксөк атаның аты «Насаб-намада» аталынады. Суксук Қожа (Алайх ис салам) Яссауи Ахмет Қожа ата. Қаттыда 12 йил хадымлық қылды.112 йил өмірі болды. 3 мың муриді болды»-дейді. (Сафи ад-дин орын қойлақы «Насаб-Нама» Түркістан 92. 29бет) . Мен бірде осы «Насаб-Наманы» шығарушының бірі, редакторы Сейд-Омар Саттаровқа жолығып, Сөксөк ата кімнің баласы дегенім бар. Исмаил атаның баласы ол Сөксөк ата. Исмаил атаның қабірі Тұрбатта жатыр-деді. Өкінішке орай Сейт Омар осы Исмаилдың өзі кімнің баласы екенін тарата алмады. Содан мен Исмаил атаның өзі кімнен тарайтынын білгім келді. Менің олай деуіме себеп Исмаил атаның есімі аталғанда Қошқар атаның есімі қосарласа айтылуы болатын. Демек осы екі кісі ия тума, ия ағайын болса керек. 

Сөксөк ата Қожа Ахмет Иасауи атаға қызмет еткен кісі екенін жоғарыда біз айтқанбыз. Ал, Сөксөк ата Исмаил атаның ұлы болса,сонда Исмаил ата да, Қошқар ата да Қожа Ахмет Қазіреттің замандасы болғаны да. Жоғарыдағы Насаб-Намада Исмаил атты кісілердің есімі аз емес. Соның ішінде маған керегі XII-XIII ғғ. өмір сүрген Исмаил еді. Содан қожалар шежіресін қолыма алып қарай бастадым. 727 ж. Қаратауға араб шапқыншылығымен келген көп тобырдың ішінде қожа әулиетінен 3 ақ кісі болғаны белгілі. Олар Әли Мұратазаның (Әзірет Әлі) Мұхаммед ибн ал-Ханапаия (Мұхаммед ханапия) деген ұлының шөбересі Абд ад-Қаққардың үлкен ұлы Абд ар Рахманның қос ұлы олар Исқақ баб пен Абд ал –Жалил және Абд ад-Қаққардың кіші ұлы Абд ар Рахим еді. Соғыс үстінде Сыр бойындағы Женд деген жерде Абд ал-Жалил (Қорасан қожа) қайтыс болады. Ал Абд ар Рахим және оның әулиеттері Қарахандықтар мемлекеті негізін қалап, Таразда хандық құрған кісілер болса, Ысқақ баб әулиеттері Сайрамда шейх қызметін атқарған кісілер. Ал Абд ал-Жалил әулиеттері Отырарда сопы болған. Ал Сейіт Қожалар (Фатимадан тарағандар) Сыр бойына тіпті кейін келген кісілер болатыны бесенеден белгілі.

Ілкі әуел менің қолыма түскені Ысқақ баб әулиеттері таралым шежіресі болды. Таратып айтсақ Ысқақ баб, одан Харун шейх, одан Мумин шейх, одан Муса щейх, одан Исмаил щейх, одан кейін Қожа Ахмед Яссауиге дейін шежіре таралымында Исмаил атты кісі болмады. Мұндағы аталмыш Исмаил шейх бұл Ысқақ бабтың шөпшегі және шейх лауазымындағы кісі. Демек, бұл кісі Сөксөк Қожаның әкесі болмай шықты. Ендігі кезекте Абд ар –Рахим шежіре таралымы тұрды. Абд ар-Рахим одан Кылыч Қарахан, одан Азбур Қарахан, одан Әулие Қарахан, одан Мансур Хумар хан, одан Жуғра Теган, одан Кылыч Арслан хан, одан Исмаил хан, одан кейін Шығысхан Отырарға келгенге дейін шежіре таралымында Исмаил деген кісі есімі жоқ екен. Осындағы Кылыч Арсланның баласы делінген Исмаил бұл Отырарда хандық құрған кісі, бұл кісі де Сөксөк атаның әкесі емес еді. Ендігі кезекте Абд ал-Жалил бабтың шежіре таралымын қарап отырмыз. Абд ал-Жалилден Ибрагим сопы (Отырарда сопылық қызмет атқарған кісі) одан Меккаил сопы. Одан Ысрафыл сопы, одан Исмаил софы. (Бұл кісі Абд ал-Жалилдың шөпшегі. Бұл кісі де Сөксөктың әкесі емес. Ертеректе жасаған кісі екен. Одан Айна софы, одан Мұхаммед сопы, одан Махмұд софы, одан Бәдір сопы, одан Сүйіндік ата, одан Күйіндік ата, одан Ибрагим ата, одан Исмаил ата. Осы ата Қожа Ахмет Яассауи қазіреті 13 ата, ал Абд ал-Жалилден осы Ибрагим ұлы Исмаил ата да 13кісі. Осы Исмаил атаның 17 ұл бала, 18 қыз баласы болыпты. Осы 17 ұлдың ішінде аты тарихта қалған үш ұлдың аты бізге белгілі болды. Соның бірі Сөксөк ата және Пәрпі ата, одан кейін Ысқақ ата. Осындағы Ысқақ атаның тұсында Исмаил ата әулиеттері Тұрбаттан Шарбұлаққа қоныс аударғаны деректерде айтылады. Қазір Шарбұлақта, Тұрбатта тұратын Исмаил ата әулиеттері өздерін Өзбек ұлты құрамында санайды. Ал осы Ысқақ атадан туылған Абдулқасым әулиеттері олар өздерін қазақ ұлты құрамында санайды.

Мысалы үшін Әбілқасым қожа, одан Сейдахмет қожа, одан Садриддин қожа, одан Шамаддин қожа, одан Пірзада қожа, одан Жамалледин қожа, одан Мұхаммед қожа, одан Осман қожа, одан Исмаил қожа, одан Заһид қожа, одан Мади қожа осы кісіден тараған әулиет Диуана қожа (осы әулиеттерді қазақ арасында дуана қожа деп айтылады). Осы Мади қожаның 7-әулиеті болып келетін Айтқожа иман Қызылорда облысына белгілі кісі болыпты. 1773ж.84 жасында Жаңақорған ауданы Қарасопы деген жерде дүние салады. Айтқожа иманның күмбезі де сол жерде. Айт-айтты әңгімелерде Қошқар ата осы Исмаил атаға әпкесі жағынан жиен болып келеді екен. Осы әңгімені нақтылай түсу үшін біз енді Тұрбатқа барып осындағы Қошқар ата әулиенің шырақшысына жолығу керек болды. Бұл әңгімені 28.05.2015ж. күні Исқақов Хамид менің айтуыммен Тұрбатқа барып Қошқар ата әулиенің кесенесі шырақшысы Тұрақожа Ташболатқожаұлына жолығып, бұл мәселені анықтап келді. Тұрақожа шырақшының айтуынша Қошқар ата шынында да Исмаил атаға жиен кісі екен. Біз жоғарыда Исмаил ата Абд ал –Жалил бабтың 12-ші әулиет аралығындағы Ибрагим атаның ұлы деген едік. Осы Ибрагим атадан Жабраил ата және бірнеше қыздар да болыпты. Сол қыздардың бірінен Ысқақ баб (Ол 727ж. 2-араб шапқыншылығы жетекшісі) таралымындағы Ибрагим ата туылыпты. Сол Ибрагимнен Қошқар ата дүниеге келеді. Қошқар ата Исмаил атаның жиені деген шындық осыған келіп тіреледі екен. Сонда осы қыз Ысқақ баб таралымынан кімге тұрмысқа шыққан дейсіз ғой? Ол кісі Ысқақ баб әулиет таралым саны 12 болып келетін Иляс шейх екен. Ысқақ бабтың дәстүрлі біз көріп жүрген шежіресінде осы Иляс шейхтен Ибрагим шейх, одан Қожа Ахмет Яссауи болып келетіні белгілі. Ал Қошқар ата әулие кесенесі шырақшысы Тұрақожаның айтуынша Иляс шейхтің үлкен ұлының есімі Ибрагим. Осы Ибрагимнен Қошқар ата әулие туылған дейді ол. Сонда Қожа Ахмет Яссауидің әкесінің есімі Ибрагим болса, Қошқар атаның әкесінің есімі Ибраһим екен. Ибраһим бірінші, Ибрагим Иляс сопының екінші ұлы екен. Деректерде Арыстан баб ата да осы Иляс шейхтен туылған кісі деп жазылып жүр. Сонда Қошқар ата Қожа Ахмет Яссауиге тума бауыр болып келсе, Исмаил ата нағашы болып келеді екен. 

Осы сөздің жөні бар сияқты. Біз жоғарыда Сөксөк ата Исмаил атаның ұлы екен деген едік, Ибрагим атадан Ысқақ баб таралымы Қожа Ахмет Яссауи және Садр шейх, осындағы Садр шейхтен Абд ал Мәлік және Данышманд қожа еді. Осында менің айтпағым Қожа Ахмет Яссауи қазірет атағын алған тұста осы Данышманд қожа 40 жыл оған қызмет етеді. Содан Данышманд қожа Отырарға қызметке жіберілген соң Қожа Ахмет Яссауи қазіретіне Сөксөк ата 12 жыл қызмет етеді. Сөксөк ата Данышманд қожамен де сыйлас болған кісі екен. 

(Жалғасы келесі нөмірде)

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter