Қошқар ата , Исмаил ата, Сөксөк ата кім болған? (Соңы)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қошқар ата , Исмаил ата, Сөксөк ата кім болған? (Соңы)

  • Еркебай БҮРЛІБАЙҰЛЫ

(Соңы. Басы өткен нөмірлерде)

Біз жоғарыда Қожа Ахмет Яссауидің туысы Садр шейхтың Данышманд қожа және Абд ал Малик деген екі ұлы болған деген едік. Қазір осы Садр шейхтың Момын деген үшінші ұлы да болғаны айтылып жүр. Қожа Ахмет Яссауидің жалғыз ұлы Ибрагим дүние салған соң оның інісі Садр шейх үшінші ұлы осы Момынды Қожа Ахмет Яссауидің қолына береді. Содан осы Момын атаны ел Қожа Ахмет Яссауидің ұлы деп түсініп кетеді. Бұл жөнінен Р.М.Мұстафина : «Садира был сын Ходжа Момын ата Ходжа Ахмет относился к нему как к своему сыну. Люди так и называли его сыном Ходжа Ахмета Ясави»-дейді(Р.М.Мұстафина. Представления, культы, обряды у казахов. Алматы 1992г. 78 стр.).

Осы жерде менің айтпағым Қожа Ахмет Яссауи қазіреті өзінің маңына тек өзіне туыс жақын кісілерді ғана қызметіне ұстауы еді. Уақыт өте келе ел кісілері Ибрагим мен Ибраһимді бір кісі деп тануы біздің Қощқар ата әулиені тануымызға қиыншылықтар туғызып келген көрінеді. Шежіре танымдары да осы сырқаттан сау емес. Біз сіздердің назарларыңызға кезінде Қошқар ата әулие қабірі үстіне Әмір Темір тұрғызған кесененің суретін ұсынып отырмыз. Кесененің сол жағында үлкен үйдің алдында тұрған Исақов Хамид, оның арқасындағы бөлмеде Қошқар атаның қабірі жатыр. Оң жағындағы кіші үй зияратшыларды қабылдайтын бөлме (шілдехана). Бұл күнде Тұрбаттағы Қошқар ата кесенесі мемлекеттің қамқорлығына алынған. Деректерде Абд ал Жалил бабтың ұлы Ибраһим Отырарға келіп сопылық жасайды,одан кейін оның ұлы Маккайл софы , одан Ысрафыл софы, одан Исмаил софы, одан Айна софы, одан Мұхаммед софы, одан Махмұд софы Отырарда сопылық қызметті жалғастырады да Бәдір ата тұсында Абд ал Жалил баб әулиеттері Тұрбатқа келеді,одан Сүйіндік ата,Күйіндік ата да Тұрбатта тұрады. Ибрагим ата Исмаилдың әкесі тұсында бұл әулиет Тұрбатқа ұзақ еместегі Шарбұлаққа көшіп келіп егін салады. Исмаил ата да Шарбұлақта болыпты. Исмаил ата қартайған тұсында Шыңғысхан шапқыншылығы басталады. Осы тұста Қожа Ахмет Яссауи қолында қызметте болған оның ұлы Сөксөк ата Тұрбатқа келеді, одан бақташылық жасап шөлге шығып кетеді. Сондағы Сөксөк атаның тоқтаған жері қазір ел Сөксөк құдық деп жүрген жер екен. Осы жерде ата алдына ешкі салып бақташы кейпіне түсіп мал өсіреді, содан осындағы тау шоқылар Боздақ аталады (Ешкі тау мағнасы «боз-ешкі,дағ-тау») . Қазір осы жерде Боздақ құдық та бар. Сөксөк ата құдығы бар. Осы жерлер Жылға темір жол бекетінің шығысында Жылғадан онша ұзақ емес. Осы жерде көне қабірстанда Сөксөк атаның қабірі де сақталған. Осы жерде атаның әулиеттері мүрделері сақталған жер асты үй де бар. Сонау колхоздастыру кезінен кеңес өкіметі тарағанға дейін Сарыағаш ауданының төрт түлік малы осы далада бағылды. Әулиеге зиярат жасаушылар содан тоқтады. Киелі жер күтімсіз қалды. Егемендіктен кейін ел кісілері Сөксөк ата әулие киелі жерлерін қолға ала бастады. Қазір бұл жерде шағын мешіт салынды, атаның кесенесін көтеру қолға алынып жатыр. Сөксөк мал жайылымдары қазір жеке шаруа қожалықтары қолына өткен. Бұл жерлерді ежелден Сіргелі ішіндегі Толыбай батырдың әулиеттері қоныс еткен екен. Толыбай батырдан Өтеміс және Жолысай деген екі бала болған. Осындағы Өтемістен Көжей,Тілеу,Елібай,Түйтебай,Кенжебай,Майлыбай,Сырлыбай, Шенгелбай. Осындағы Елібайдан Қалқаман,Еламан, Жоламан,Шылман деген ұл балдар болған. Шылманнан Садыбай, Жайлау, Садыбайдан Байжарқын, Ботбай,Нұрбай. Нұрбайдан Досқара,одан Жахия. Осы азаматтың ұйымдастыруымен Соқсоқ атаның жерінде біршама игі шаралар іске асырылып жатыр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter