Мәдениет
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Мәдениет

Бақытын өзге ұлттан тапқандар

Бақытын өзге ұлттан тапқандар

Қазақтың бір қызы көкжәшіктен «Маған тұрмысқа шықшы деген бірде-бір қазақ жігіті болған жоқ»- деп ағынан жарылып жатты. Жылдар бұрынғы осы жайт көзіме оттай басылған келіншекке деген үлкен қимастық – әлі есімде. Ол тележүргізуші, режиссер Владимир Рерихке жар болған Дана Нұржігіт еді. Содан бері белді, беделді кавказдық азаматты қазаққа күйеу бала қылған қазақ қызына құрмет көрсетуден танған емеспіз. Байқасаңыздар, 2002 жылы заңды түрде қалыңдық атанып, бір ұлды болған журналист сұхбаттарында ұдайы қазақ қыздарына ертерек тұрмысқа шығуға кеңес беріп отырады. Ал қазақ шоу-бизнесінде одан бері қазақтан қыз алған, өзге ұлтқа келін болған жұлдыздардың қатары артып келеді.

Оқшы ата

Оқшы ата

Көне архитектуралық ескерткішке жататын Оқшы ата мазары Шиеліге қарасты Жөлек ауылынан 7 шақырым жерде, теміржол торабында орналасқан. Мазарға жерленген кісінің шын аты – Ибраһим шайхы, лақап аты – Көгентүп, ал Оқшы ата – кейіннен елдің берген есімі. Түрколог Әуелбек Қоңыратбаевтың көрсетуінше, Оқшы ата – қару, оқ жасаған оғыз батыры. Қазір батырдың көне қорымы бар өңір кезінде шаһар болған деседі. Ел ішінде ІХ–Х ғасырлардан бастау алып, ХV–ХVІ ғасырларда белгі қойылған қорымның күмбезіне қатысты аңыз-әпсаналар да аз емес.

Қазығұрттың қадіріне жете алдық па?

Аңыздардың ақиқатына көз жеткізгісі келгендер көбіне топан су басқанда Нұһ пайғамбардың кемесі тоқтаған қасиетті мекенді іздеп келеді. Жер бетіндегі пенделерді пиғылына қарай жазалап, пайғамбар кемесін паналағандардың Алланың құдіретімен аман қалғаны қасиетті төрт кітапта да айтылған. Сонымен Нұһ кемесі тоқтаған тау қайсы? Синай ма, әлде армяндар айта беретін Арарат па, я болмаса Оңтүстіктегі Қазығұрт па?

Ордабасыны мемлекет идеологиясының түпқазығына айналдыруға әкімқаралар неге құлықсыз?

Ордабасы тауында 290 жыл бұрын жоңғарға тойтарыс беру үшін бәтуалы жиын өткізбесе, бүгінге бас аман, көңіл бүтін жетер ме едік? Сондықтан «күлтөбенің басында күнде жиын» қылмасақ та, Ордабасыдан оқта-текте төбе көрсетіп тұруымыз парыз іспетті. Бірақ ұлы идеологиясы бар төбені кімге дәріптеп, кімдерге ұялмай көрсете аламыз?

Ақсу-Жабағылы қорығына – 90 жыл

Оңтүстікте орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығының ашылғанына биыл тоқсан жыл толды. 1926 жылдың 14 шілдесінде қызметіне кіріскен ол Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігі мен Өгем жотасын алып жатыр. Ақсу-Жабағылы еліміздегі тұңғыш қорық қана емес, ол Орта Азиядағы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне де алғаш болып енген қорықтың бірі.

Ақ өзен бойындағы ақ қала – Испиджаб

Қазақ жері жер астында қалып қойған қалашықтан кенде емес. Ел болған жерде еңсе тіктегенше ескі қаланың болатыны айдан анық. Ал солардың ішінде Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалашықтардың орны айрықша. Осыған дейін Сығанақ пен Сауранды, Отырарды жазғанбыз. Олай болса, Сайрамдағы Испиджаб туралы да айтар кез келген сыңайлы...

Бала мен ақсақалға бақ сынатқан "Дарабоз"

Бүгінгі балалар әдебиетінің оңып тұрғаны шамалы. Мүйізі қарағайдай кей жазушыларымыз ине шаншып алғандай шамданса да шындық осы. Бұл туралы бізсіз де айта-айта талай жақ талды, оқи-оқи талай ауыз да ауырды. Әрине, жазушы болу басқа да, балалар жазушысы болу бір басқа. Олай болса осы бір басқа салаға неге жазушыларымыз қартайғанында бет бұрғыш?

Жазушыларымыз әлі күнге тарихтың маңынан шыға алар емес

Белинскийдің: «Тарих не болғанын айтады, көркем шығарма қалай болғанын айтады» дегені бар-тын. Демек өткен-кеткен тарихтың жылнамасы мен статистикалық ақпарынан бөлек сонау нәубет жылдарды суреттейтін шығармалар қазаққа ауадай қажет. Бірақ соңғы кездері қазақ әдебиетіндегі жанрлардың жұтаңдығы жанға батып жүр. Сонымен бүгінгі таңда қазақ әдебиеті қай жанрларды жазбайды? Жазушыларымыз кімнен қаймығып, неден жүрексінеді?

Сығанақ «Дүниежүзілік мұра» тізіміне енуі тиіс

Жергілікті тұрғындар Сунақ Ата атап кеткен Сығанақ қаласының бүгінгі халі қалай? Ақ Орданың астанасына айналмай тұрып Отырардың күйін кешіп, Шыңғыс әскерінің езгісіне ұшыраған қала алты айда емес, неге жеті күнде жауға берілді? Жаугершілікке тап болған қала кімдердің кезінде еңсе тіктеді?

Жұлдыздар мінген «жұлдызды» көліктер

Бүгінде атағы дардай әншілердің дәурені жүріп тұр. Атағы дардайы түгілі тарыдайының да астында таудай көлігі бар, шүкір. «Шүкір», деп әңгімесін бастайтын олардың көбіне анау-мынау емес Land Cruiser, Lexus пен Range Rover сынды темір тұлпарлар қызмет етеді. Көпшіліктің жиі сынына ұшыраса да, көліктерін киімдей жиі ауыстыратын өнерпаздардың мұнысын еркелік десеңіз де, есерлік десеңіз де өз шаруаңыз. Өйткені олардың сіз бен бізсіз де шаруасы шаш етектен. Ал біз, әдеттегідей қолымыз бостықтан, я жұмысымыз жоқтықтан емес, өнер десе тамағынан ас өтпейтін тыңдарманның қызығушылығын қанағаттандыруға міндеттіміз.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter