Бақытын өзге ұлттан тапқандар
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бақытын өзге ұлттан тапқандар

Бақытын өзге ұлттан тапқандар
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Қазақтың бір қызы көкжәшіктен «Маған тұрмысқа шықшы деген бірде-бір қазақ жігіті болған жоқ»- деп ағынан жарылып жатты. Жылдар бұрынғы осы жайт көзіме оттай басылған келіншекке деген үлкен қимастық – әлі есімде. Ол тележүргізуші, режиссер Владимир Рерихке жар болған Дана Нұржігіт еді. Содан бері белді, беделді кавказдық азаматты қазаққа күйеу бала қылған қазақ қызына құрмет көрсетуден танған емеспіз. Байқасаңыздар, 2002 жылы заңды түрде қалыңдық атанып, бір ұлды болған журналист сұхбаттарында ұдайы қазақ қыздарына ертерек тұрмысқа шығуға кеңес беріп отырады. Ал қазақ шоу-бизнесінде одан бері қазақтан қыз алған, өзге ұлтқа келін болған жұлдыздардың қатары артып келеді.

Келесі жұпты таныс-тырған – 1991 жылғы «Азия дауысы» бай-қауы. «Тамашаның» негізін салған Лұқпан Есеновке күйеубала болған тәжік жігіті Парвиз Назаров болатын. Бүгінде Әлия Есеновамен отау көтергендеріне жиырма жылдан асқан жұлдызды жұп отбасы болу үшін ең алдымен түсінісе білу керегін жиі айтады.

Ал алдыңғы буынды әншілердің біріне айналған Айгүл Бабаева болса – бизнесмен, музыкант және продюсер Михаил Романюктің әйелі. Олардың өсірген жалғыз қыздары Алиса Бржставцикая қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан.

2010 жыл. Қазақтың қос скирипкашы қызын «ұзатып», тағы да орыс ағайынмен құдаласқан жыл. Режиссер Константин Саркисян Ланаға үйленсе, «Ұлытау» тобының гитарисі Максим Кичигин Зара Есенаманмен шаңырақ көтерді.

«Әкем-орыс, анам-кәріс, мен-қазақпын!» деген Генадий Головкин де – қазақтың күйеу баласы. Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Головкиннің жұбайы – қарағандылық қазақ аруы. Бүгінде осыдан тоғыз жыл бұрын отау көтерген Генадий мен Алинаның Вадим атты ұлдары бар.

Сондай-ақ, өзге ұлтты, жұлдызды күйеубалалардың қатарында Меруерт атты қазақ қызын қалыңдық еткен Иван Бреусов пен Лидоның жары Руслан да бар. Жарының қиын сәттерде ұдайы рухани қолдау көрсетіп отыратынын, өзінің өте эмоционалды адам екенін жиі айтатын Лидоның анасы орыс болға-нымен, әкесі – қазақ. Бүгінде ол өзі де – үш баланың анасы.

Сонымен біз түгендеген, өзге ұлттың азаматына арқа сүйеген, өнерлі қазақстандықтардың қатары осылай тізбектеле түседі. Ал қазаққа басқа ұлттан келін сыйлағандар кімдер?

Жас та болса, цирк өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар Мұрат Мұтырғанов та – орыстан қалыңдық тапқан қазақ баласы. Алесия Тимошенкомен отау көтерген Мұраттың бір сұхбатында жары туралы «ол – менен гөрі қазақ» дегені де бар-тын. Естеріңізде болса, Мұтырғанов былтыр әке атанды. Алайда, ұзынқұлақ Мұраттың қазақ емес, ұйғыр екенін айтып жүр.

Екінші рет үйленген белгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетов те ақыл тоқтатқанында өмірлік серігі Варвара Авдюшконы Мәскеуден тапты. Сондай-ақ орыс қызын қазаққа келін қылғандардың қатарында «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасымен есте қалған журналист Серік Акишев, актер, сценарист, жүргізуші Ерден Телемісов пен жуырда ғана инстаграммда екінші әйелі Екатерина Лилуяның суретін жарияға жар салып көрсеткен әнші Сейфуллин Жолбарыс та бар.

Ал өзбектен қыз алған Бүркітті бүгінде бүкіл ел біледі. Мұны жұлдызды жұптың өздері де ешкімнен жасырған емес. Осыған дейін Бүркіттің Аишадан 12 жас үлкендігі бары да талай талқыға түскен-ді. Бүгінде олар – екі бірдей ұл өсіріп отырған отбасы. Ал түрік қызы Гузелін қолына қондырған әзілқой жігіт Құмар Лұқманов кімнің есінде? КВН-шы жігіттің де шаңырағы ұлғайып келеді, қазірдің өзінде олардың, қателеспесек, үш ұлы бар. Танымал опера әншісі Сүндет Байғожин болса жапон қызымен шаңырақ көтерген. Өзінің бір сұхбатында қайынатасының жапон тілін үйренбесе, қызын бермеймін деп талап қойғандығын айтқан ол балет бишісі Серина Сунагаваға үйлену үшін жапон тілін де меңгерген. Қазір олардың Сәния есімді алты жасар қыздары бар. Ал, жуырда ғана «Бенефис шоуда» Сәнияны қазақы қылып тәрбиелеуге тырысатынын айтқан болатын.

Бірақ, некенің бәрі сіз бен біз ойлағандай сәтті болса жақсы. Кезінде француз азаматына арқа сүйеген скрипкашы Жәмилә Серкебаеваның некесі сәтсіз аяқталды. Көзі тірісінде жеке өмірін көпке жария етпейтін белгілі әнші Батырхан Шүкеновтің де дүниеден өткеннен соң орыс әйелі Екатерина Шелякованың болғанын білдік. Өзі кетсе де, әр құлақта әні, әр жүректе есімі қалған әншінің Мақсұт есімді ізбасары бар. Түрік жігітіне тұрмысқа шыққан Шахизада да жақында ортақ балалары болмаған соң күйеуінен бөлек кеткенін ешкімнен жасырмай жария етті.

Бұл - тағдыр. Бәлкім, жәй ғана таңдау... Не де болса, біз олардың жеке өміріне қол сұғудан аулақпыз. Десек те, қазақ сахнасында жүрген әрбір саңлақтың өнері ғана емес, өмірі де көзіқарақты көрерменнің назарынан тыс қалмағаны қалмаған.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter