Сауран
Шұрайлы жер, ата қоныс іздеген Асан қайғы Сауранды да айналып өтпеген. Қазақтың кең-байтақ даласын кезіп келіп қала тұсына тоқтағанда: «Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, шөлстанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ – түбі тұрақты қала бола алмас», - деп толғанған екен ғой. Сол Сауран бүгінде жайқалып тұрған атамекенге айналмаса да, көне қалашықтың орны. Келешекте аспан асты мұражайына айналатыны айтылып келе жатқалы да жылдар жылжыды. Бұл кешегі «қолдағы бардың қадірі жоқтың» кері ме? Жоқ әлде Асан абыздың «әттеген-айын» қайталауға деген аяқ алыс па?