Елдегі шенеуніктер енді қымбат киім кие алмайтын болды
Елімізде шенеуніктердің сыртқы келбеті қатаң қадағаланбақ. Жұмысқа қымбат киім киіп келген мемлекеттік қызметкерлер енді жазаланатын болады. Ол үшін үшін Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жанынан арнайы институт құрылды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Әзірге белгілі бір брендке, шенеуніктің жеке көлігінің бағасына қатысты нақты тыйым жоқ. Белгілісі, мемлекеттік қызметкер барынша қарапайым киінуі тиіс. Жаңадан құрылған институт шенеуніктердің киімін ғана емес, жүріс-тұрысы, ортада өзін ұстау мен этикасын да бақылайтын болады. Егер мекеме басшысы, әкім немесе оның орынбасарлары ескертуге құлақ аспаса, тәртіптік жауапқа тартылады, тіпті бұдан да қатал жаза қолданылуы мүмкін. Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік қызметкерлерге жаппай отандық көлікке ауысу туралы талап қойылған болатын. Және жұмыста смартфон пайдалануға тыйым салынған-ды.
- шенеуніктер
- чиновники
- қымбат киім киетін шенеуніктер
- қымбат костюм киетін мемлекеттік қызметкерлер
- Корреспондент
- қызық ақпарат