«Дольщик» атанбай тұрып, жақсылап ойлан
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Дольщик» атанбай тұрып, жақсылап ойлан

  • Жан КЕНЖЕ

«Бас прокурор ретінде үлескерлік құрылысқа ақша салмас бұрын екі құжатты талап етуге кеңес беремін. Ол – кепілдік қоры және жергілікті әкімдіктің келісімшарты», – деді Бас прокурор Жақып Асанов таяуда өткен алқа мәжілісінде.

«Бас прокурор ретінде үлескерлік құрылысқа ақша салмас бұрын екі құжатты талап етуге кеңес беремін. Ол кепілдік қоры мен жергілікті әкімдіктің келісімшарты. Міндетті түрде оларды талап етіңіз. Құжатты мұқият оқыңыз. Бірақ құжат жалған болуы мүмкін. Ең дұрысы, әкімдікке келіңіз немесе ресми сайттан тексеріңіз. Ақпаратты ulesker.kz cайтынан да алуға болады», – деді ол.

Жақып Асановтың айтуынша, соңғы жылдары жауапсыз құрылыс компаниялары мен алаяқтардың заңсыз әрекеттерінен 9 мыңнан астам азамат зардап шеккен, 59-дан астам нысанның құрылысы аяқталмай қалған.

Осы жағдайды ескере келе, ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» заң жобасын жасаған. Алқа мәжілісі барысында Асанов аталмыш заңның арқасында елімізде үлескерлер мәселесі толығымен шешіледі деп сендірді.

«Біз алдымызға мақсат қойып отырмыз. Яғни жыл аяғына дейін үлескерлерге қатысты істер толығымен сотқа жетуі керек. Біз осыған бар күшімізді жұмылдырып отырмыз. Негізгі салмақ ішкі істер органдарына түседі», – деді Бас прокурор.

Сонымен қатар, Жақып Асанов «Прокурордың 100 кеңесі» атты мобильді қосымшаның пайдасы туралы айтты.

«Өңірлердегі прокурорларға тапсырма берілді. Біз әрбір үйге, әрбір пәтерге кіруіміз қажет. Әрбір қазақстандықтың білуге құқығы бар. Егер біреу білмесе, ол біздің кінәміз. Біз – мемлекетпіз. Ол біздің міндетіміз. Адамдарды қызықтыра білуіміз керек. Олар өз құқығын қорғауға қатысты барлық ақпаратпен қамтамасыз етілуі қажет. «Прокурордың 100 кеңесі» жобасы барлық мәселені шешпейді. Дегенмен, өзекті мәселенің алдын алуға көмектеседі», – деді Бас прокурор.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter