Ақбура әулие
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ақбура әулие

  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Қазығұрт тауының етегіндегі Ақбура әулие жайлы жергілікті тұрғындардың бірінен естідік. «Бала кезімізде көп баратынбыз» деп сөзін бастаған Жанеркенің айтуынша, жаз маусымында су астынан жыландар мен балықтар көрінетін бұлақ бар екен. Иә, қазақ тектен-текке бұл жерді әулиелі жер атамаған. Тау шатқалындағы сайдағы тік жартасты жарып ағатын бұлақ бірнеше дертке шипа. Оның үстіне нақ осы маңда Ақбура әулиенің бейіті де бар.

Құл Қожа Ахмет Ясауидің әрі замандасы, әрі шәкірті болған Ақбура әулиенің шын аты - Ақтамберді. Өз уағында ақ бураға мініп, зікір салып жүретіндіктен, оны ел іші Ақбура әулие атап кетіпті. Ол туралы тарихта қалған аңыздар да аз емес. Соның бірі – өз заманында желмаядай ескенде адам тұрмақ соңына құс ілестірмейтін, зікір салғанда ауызына үйілген ақ көбік иығына төгілетін шейхты Йассыға келген сайын Қожа Ахметтің өзі күтіп алатыны баяндалған аңыз. Осындай мәртебеге ие болған оны, жоғарыда айтқанымыздай, ел Ақбура атап кеткен. Кей деректерде оның аты Ақтанберді делінсе, кей аңыздарда Ақберді делінген. Қазақ жерінде ислам дінін таратушылардың бірі болған ол памдат намазының екі бас сүннетін Қазығұрттағы бұлақ басында, екі бас парызын Йассыдағы мешітте оқитын болыпты. Қартайған шағында шәкірттеріне қайда жантәсілім етсе, сонда жерлегендерін қалайтынын өсиет етіп қалдырған көрінеді. Ал бүгінгі Қазығұрттың қойнауындағы бейіт оның сол маңда көз жұмғанын көрсетеді.

Ақбура мен Қарабура бір әулие ме?

Естеріңізде болса, газеті-міздің өткен нөмірлерінің бірінде Созақ жерінде жерленген Қарабура әулие туралы да жазған болатынбыз. Қожа Ахмет Ясауидың жаназасын шығарған әулие де түйесі шөккен жерге жерленген еді. Ақбура мен Қарабура да Қожа Ахметтің заманында өмір сүрген бе? Аңыздарға сенсек, екеуі де Ясауидің замандасы ретінде аталады. Ақбура Қазығұрттың маңайында жатса, Қарабураның бейіті Қара-таудың бөктерінде. Сондықтан Ақбура мен Қарабураны бір әулие деу қисынды бола қоймас, сірә...

Ал айшылық жерлерге лезде жету қазақ әдебиетіндегі аса бір бұрын-соңды болмаған дүние емес. Ертегілер мен батырлар жырындағы кейіпкерлердің да күншілік жерге көзді ашып-жұмғанша жететініне сеніп өскен ұрпақтың алды да, соңы да біз емес шығармыз. Сол сынды Ақбураның памдат намазының екі бас сүннетін Қазығұрттың басында, екі бас парызын Йассыда оқуы да бізге мұнан бұрынғы әулиелерден етене таныс. Өйткені осыған дейін Жаңақорғанда жерленген Хорасан атаның да жұма намазын Меккеде оқитынын жазғанбыз. Естеріңізде болса, Қызылордадағы қағбаның көшірмесін ұлы әкесі үшін әкелгені айтылушы еді...

Бір перзентке зар болғандар әулиеге түнейді

Ақбура әулиенің басына бір перзентке зар болған жұбайлар ғана емес, дертіне шипа іздегендер көп барады. Басына түнеп, Алладан аурудан айықтыруын сұрап, құрбандық шалады, садақа береді, бала тілейді. Ал келгендердің күш-қуаты басымы Қазығұрттың басындағы «Кемеқалғанға» соға кетуді де әбестік санамайды. Ал енді Қазығұрт маңы туристік аймаққа айналып, ат арытып алыстан келушілердің қатары арта түссе, зиярат нақ осы Ақбурадан басталады. Осыған орай бірер жыл бұрын туристік инвестициялық «Ақбура-Қазы-ғұрт» жобасы да қолға алынған болатын. Осы жоба шеңберінде 5 шақырымнан астам жерге асфальт жол төселіп, электр қуаты мен ауыз су құбырын тарту да қолға алынған-ды. Қонақүй, демалыс орындары сынды тағы қосымша орындар салынса, жыл сайын Қазығұртқа қарай 2,5 мыңнан астам зияратшылар мен демалушылар ағылып, оларға 40 адам қызмет көрсетеді делінген еді ғой. Ал, ресми деректер бойынша аталмыш аудандағы туристік нысандарға жылына 20 мыңдай кісі ат басын бұрса, олардан 3,6 миллион теңге түседі-міс.

«Ақбура ізгіліктің бұлағы ғой»

Памдат намазының екі рәкатын Ақбура бұлағының басында оқыған Ақбура әулие рудың, бір тайпаның емес, күллі елдің сөзін сөйлеген. Ал дертке шипа, ауруға ем болатын бұлақтан келіп, зиярат етушілер бүгінде құтыға құйып су әкетеді, шөлі қанғанша ішеді. Бұл жөнінде ел арасында: «Шілтер ата имандылық шырағы ғой, Ақбура ізгіліктің бұлағы ғой, Қазығұрт әулиелер тұрағы ғой!» деген сынды әдемі шумақтар қалған. Осыдан-ақ қойнауы қазба-байлыққа бергісіз игі жақсыларды жиған Қазығұртқа жол түссе, Ақбураға алдымен құран бағыштап, бұлақтың суын қанып іше кетуге ниет қылатындардың қарасы қалың. Дертіне дауа іздеген дімкәс кісілердің дені ауруынан құлан-таза айығып кеткенін де ауыл адамдары көп еститін көрінеді.

Қазақтың қайсыбір тауы мен тасы да ыстық, қасиетті. Ал Қазығұрттың аста-төк бау-бақшасы мен әсем табиғатын көргеннің әуесі кетпеуі қиын. Осынау шырайлы өлкенің қаншалықты қадіріне жетіп жүміз? Бүгінде туристерге жасалған жағдайдың түп төркіні сіз бен бізге жазбай-ақ аян. Қазығұрт десе, тізбектеліп кете беретін табиғатынан бөлек, осындай киелі жерлердің көптігінің өзі ол аймақтың туристік өлкеге сұранып тұрғанын аңғартады. «Ақбура» әулиеге келушілерге көрсетілер қызметті жақсы деп те, жаман деп те кесіп айту қиын. Алайда, Қазығұртты өз көзімен көргісі келгендерге келешекте мұнан да жақсы жағдайдың жасаларына сенеміз... Тек зымырап бара жатқан уақыттың мойнына құрық салынбайтынын жауаптылар жадынан шығарып алмаса игі...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter