Донжуан келе жатыр...
Сыр бойындағы көп ауданның бірінің әкімі бұрын істеп кеткен облыс әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралайын деп жүрген сыңайлы. Бұл қауесетті естіген облыс орталығының қыз-қырқындары «қауесет емес, шын болып шықса екен» деп қобалжып, толқып, қуанып жүрген көрінеді.
Қыз-қырқынның қуанатындай-ақ себебі бар дейді ұзынқұлақ. Айтуларынша, бұрын замәкім болған кезінде жылтыраққа құмар талай қыздардың арманын орындап, жандарын тыныш таптырып жүреді екен. Біраз уақыттан бері ауданда қалып қойған Донжуан үлкен қалаға келе қалса негізгі қызметін ұмытып, әуейілікке салынып кетпес пе екен деп уайымдап жүргендер де бар. Жиде гүлдегенде қыз-қырқыннан ес кетеді деуші еді, әлгі Донжуан келеді деген сыбыс тура жиде гүлінің иісіндей болып тұр-ау...
- Донжуан
- әкім
- қызық ақпарат