Шіренген шенеуніктерді тобасына келтіруге болады
Бір қарағанда біздің шенеуніктер төбесімен көк тіреп тұрғандай, Сырдың суы тобығынан келіп, заң-зәкүніңізге пысқырып та қарамайтындай көрінетіні бар. Бірақ ол – алдамшы көрініс қана. Шын мәнінде мемлекеттік қызметшінің әрбір әрекеті заңмен реттелген, қадамын қисық басуына жол жоқ. Сондықтан өзіне жалақы төлеп отырған халықты ұмытып, қарақан басының қамын күйттеген, өзін астам ұстап, елірген кез келген ақ жағалыны тоба қазығына таяуға болады. Міне, осы ниетпен еліміздің телегей-теңіз заңдардың ішіне сүңгіп, қалың бұқараның игілігіне жарайтын тұстарына біршама тоқталып өткенді мақұл көрдік.