Түркістандағы аялдамалардың атын естісең, күлкің келеді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Түркістандағы аялдамалардың атын естісең, күлкің келеді

Еліміздің рухани астанасы саналатын Түркістанның күн санап көркейіп келе жатқанына талас жоқ. Дегенмен, аялдама атауларына келгенде тосылып қалатынымыз рас. Мән-мағынасы жоқ аттарды ауыстырып, рухани астана атына лайықтауға жергілікті шенеуніктер мән берер емес.

Мысалы, сіз басқа қалалардан «Жолдың асты» деген аялдама атауын естіп пе едіңіз? Рухани астанаға бара қалсаңыз, жол астындағы аялдамаға кезігіп, одан әрі жол үстіндегісін де іздеп кетуіңіз бек мүмкін. Сондай-ақ, «Тельман» деген аялдама да таң қалдырмай қоймайды. Бұл қай Тельман? Бұл кешегі немістің қып-қызыл коммунисі – Эрнст Тельман ғой. Оны неге ауыстырмайды? Он мың шақырымдағы немістің коммунисі бізге не керек? Оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Ол аз десеңіз, Түркістаннан «Плакат» деген пәлекетті де көресіз. Аялдамаға ат таппай қалғандай бұл кімнің (мүмкін ненің) құрметіне қойылған? Жарайды, «Нұрай» дегені түсінікті еді, өйткені бұл қазақ қызына тән есім екені белгілі. Бірақ, білетіндер бұл сол маңдағы сауда орталықтары бар қожайынның қызының құрметіне қойылған деседі. Кімнің атына қойылса да, қасиетті қалаға алыс-жақыннан келетін ағайын, саяхатшылар көше аттары мен аялдамаларға қарап күліп, мазақ қылып жүрген жоқ па?

Түркі тілдес күллі халықтар үшін киелі саналатын Түркістанды туристік аймақ ретінде дамытамыз десек, оның осындай ұсақ-түйек мәселелеріне де мән беруіміз керек. Әйтпесе, ертеңгі күні туристерге Түркістанды таныстырар болсақ, «жолдың асты», «плакат» немесе «тельман» деп таныстырамыз ба? Көрер көзге оғаш, естіген құлаққа ерсілеу, тіл ұшына да тұрпайы тиетін атаулардан арылу керек. Тым болмағанда, қазақтың батырлары мен билерінің, хандарының атын берсек, тарихи қала үшін одан жарасымды, одан артық атау болмас еді. Сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман?

Өркен МЫРЗАБЕК,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 1-курс студенті

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

мал
+1 мал 04.07.2016 22:00
Малмыз ғой шешең ді!
Жауап беру
Оралхан
0 Оралхан 10.07.2016 09:38
Өркен! Балам, талабыңа нұр жауын! Тақырып өте өзекті. Естір құлақ, көретін көз болса ойланар
Жауап беру
Оралхан
0 Оралхан 10.07.2016 10:23
Талма тұстан бір періп талдырыпсың
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter