«Желден де ақша жасаймыз»
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Желден де ақша жасаймыз»

  • Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Айдарымыздың бүгінгі кейіпкері – Бәйдібек ауданының әкімі Батырбек Көшербай. Батырбек Көшербай 1967 жылдың 15 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданына қарасты Мәдени ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Леңгір ауданы, Коммунизм колхозындағы «Мәдени» жалпы орта мектебінің табалдырығын аттаған. Мектепте оқу озаты болмаса да, есеп шығаруда алдына жан салмай, қатарластарын шаң қаптырып жүріпті. Жас болып, талай бұзықтық та жасаған. 8-сыныпты бітірген соң өзге сыныптастары секілді техникумға құжат тапсырады. Сөйтіп, 1982 жылы Шымкент кооперативті техникумының студенті атанады. 

Техникумды бітірген соң Қазақтың тұтыну кооперациясы институтына оқуға түседі. Сырттай білім алып жүріп ол алғашқы еңбек жолын шаруашылық есептегі дүкенде есепші болып бастаған. Арада біраз уақыт өткен соң әскерге аттанып, Отан алдындағы борышын өтеп келеді. Кейін қызметтік баспалдаққа қадам басады. Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қаржы бақылау комитеті Төлеби аудандық басқармасының бас бақылаушы-ревизоры, ҚР Қаржы Министрлігіне қарасты қаржы-валюталық бақылау комитетінің Төлеби аудандық бөлімі бастығының орынбасары болды. Салық саласында да бағын сынап көрген. 2006 жылы әкім болу бақыты бұйырды. Анау-мынау емес, өзі туып-өскен аудан Төлебиге басшы болып барды. 2009 жылдың жаз айында ол қызметпен қош айтысты. Әкімдік қызметтен босатылған күні облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына басшы болып барды. 2011-2014 жылдар аралығында облыстың бас энергетигі атанған. Бәйдібек ауданының 2014 жылғы 5 маусымынан бергі әкімі. 

Қазір ақпараттық технология заманы екені белгілі. Соның ішінде әлеуметтік желі мен сайттардың дәурені жүріп тұр. Тағайындалғанына төрт ай болған облыс әкімі де мұны құптайды. Тіпті, қарамағындағыларға әлеуметтік желілерде аккаунт ашып, ақпарат бөлісіп отыру туралы тапсырма да берген. Нәтижесінде аудан, қала әкімдері жарысып желілерге келе бастады. Бірақ, Бәйдібектегі шенеуніктерге бұл тапсырма жетпеді ме, әлде «кесіп алсаң, оны көреміз» деді ме, әйтеуір бұл тұрғыда ауданда жұмыс ақсап тұр. Әкімдіктің ресми сайты жаңаланып тұрғанымен, ақпараттық ағын өте баяу. Қысқасы, «ұйқыларынан бір оянғанда» мәлімет жарияланады. Ал әлеуметтік желі туралы әңгіме тым бөлек. Бүгінде республикада кең қолданысқа ие болған «фэйсбук» желісінде әкімдіктің ресми парақшасы облыс әкімінің «ноу-хау» жасағысы келген баспасөз хатшысының тапсырмасынан соң пайда болған-тұғын. Бірақ, соңғы жазба осыдан тура бір жыл 6 ай бұрын жарияланған. Яғни, парақша бар, бірақ жаңалық жоқ. Айтпақшы, жақында күллі республикадан «Бәйдібекке газ келді» деп сүйінші сұрағанымыз бар. Бірақ, «мақтаған қыз тойда бүлдіреді» деген бар емес пе? Ұзынқұлақтан естуімізше, ауданға көгілдір отын кіргенімен, кей үйлерге қолжетімсіз болып отыр екен. Сапасын да сынға алып жүргендер бар. 

Аудан туризм саласын дамытуға өте қолайлы. Бәйдібек Ата, Қасиетті бес Ана мен Домалақ Ана кесенелерінің өзі бір төбе. Оған Аппақ ишан мешіті мен Ақмешіт үңгірін қосыңыз. Әттең, қолдағы барды дөңгелетіп әкетіп, нағыз туризмнің ордасына айналдыру ауданға барған ешбір әкімнің қолынан келер емес. Әйтпесе республикаға танымал терихи кесенелерге келушілерді ұтымды пайдалану арқылы ауданды туристер көп келетін өлкеге айналдыруға болатын еді. 

Шаянды көркейтуге сонау Араб еліндегі шейхтар атсалысады-мыс деген ақпарат легі тарағанын білеміз. Бірақ, ауыз толтырып айтарлықтай дәнеңе жоқ. Әлде біз көрсоқырмыз ба? Жарайды, инвестор тартып, оны көндірудің өзі де еңбек делік. Күннен энергия алу дегенге құлақ үйрене бастады. Бірақ, желден де қуат көзін алуға болатынын көбі ести қоймады. Дәл осы әдісті Бәйдібек қолға алмақшы-мыс. Аудан әкімі бір сөзінде «желден де ақша жасаймыз» деп жұртты күлкіге қарқ қылып еді. Әзірге ол жоба қашан жүзеге асатыны белгісіз. Аудан басшысы желден энергия көзін алу Бәйдібектің брендіне айналады деп сендіріп отыр. 

Ұмытып барады екенбіз, облыста халқы көп қоныстанған кейбір аудан, қала халқын Бәйдібек секілді тұрғыны аз аймаққа көшіру туралы сөздің айтылып жүргеніне аз уақыт өтпеді. Бірақ, бәйдібектік басшы ауданын қызғанды ма, әйтеуір әзірге олар үшін жаңадан елдімекен ашуға қауқарсыз екенін, инфрақұрылым мәселесін шешу үшін де біраз қаражаттың кететінін айтып ақталған еді. Айта кетейік, Мақтарал, Сарыағаш секілді аудандарда 300 мыңға жуық тұрғын бар, ал Бәйдібекте небары 55 мыңға жуық халық тұрады. Айтпақшы, үш ұлды тәрбиелеп өсірген әкім Батырбек жақында «ата» атанды. 48 жасында немерелі болған ол Шымкентке жиі келгіштейді. Оған себеп те жоқ емес. Отбасы облыс орталығында тұрады екен. Ал өзі әкім болып жұмысқа кіріскенде қызметтік үйден бас тартқан көрінеді. Шаяндықтар «әкіміміздің үйі жоқ» дегенді айтып жүр. Ауданға басшы болып барғанына бір жарым жылдай уақыт өтсе де әкім қонақүйді әлі күнге дейін мекен етеді екен. 

Тағы бір атап өтерлігі, аудан халқы бұл билікке барған соң күмәнмен қараған тұғын. Кейбір тұрғындардың күдігі әлі сейілмеген. Батырбек Көшербай әкім болып бара сала, экс-басшылардың жасаған жұмысын қазбалағаны жұртшылықтың ашуын туғызған. Тіпті кейбірі оны «кезекті жарнама» деп те ойлаған. Тағы да айта кетерлігі, ауданды өзге әкім басқарып тұрғанда Бәйдібектің бас жоспары дайындалған. Оған бақандай 200 млн теңге жұмсалды деген сыбыс бар. Басшы болып келген Батырбек оны «бұрыс» деп, жоспардың «быт-шытын» шығарыпты. Ал халық 200 млн желге ұшты деп ашуланды. Міне, бұрын ревизорлық қызмет атқарған бүгінгі әкімнің жұмысына деген елдің пікірі осындай.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter