Мәсімов: Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен ақылдасады
Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен, депутаттармен ақылдасып, кеңесетiн болады. Министрлер кабинетi жасап жатқан жұмыстарын халыққа толыққанды жеткiзуде болған олқылықтардың орнын толтырмақ. Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов айтты, деп хабарлайды BNews.kz.