Бақытын өзге ұлттан тапқандар
Қазақтың бір қызы көкжәшіктен «Маған тұрмысқа шықшы деген бірде-бір қазақ жігіті болған жоқ»- деп ағынан жарылып жатты. Жылдар бұрынғы осы жайт көзіме оттай басылған келіншекке деген үлкен қимастық – әлі есімде. Ол тележүргізуші, режиссер Владимир Рерихке жар болған Дана Нұржігіт еді. Содан бері белді, беделді кавказдық азаматты қазаққа күйеу бала қылған қазақ қызына құрмет көрсетуден танған емеспіз. Байқасаңыздар, 2002 жылы заңды түрде қалыңдық атанып, бір ұлды болған журналист сұхбаттарында ұдайы қазақ қыздарына ертерек тұрмысқа шығуға кеңес беріп отырады. Ал қазақ шоу-бизнесінде одан бері қазақтан қыз алған, өзге ұлтқа келін болған жұлдыздардың қатары артып келеді.