Сыртқы қарыз үшін кім жауапты?
Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы кісі қызығарлықтай емес. Әсіресе, сыртқы қарыздардың өсуі мемлекетті тығырыққа тіреп отыр. 2010-2015 жылдарда сыртқы қарыз 35,2 млрд. долларға өсіп, биыл оның көлемі 154 млрд. долларға жетті. Жалпы, сыртқы қарызға келгенде, мамандардың пікірі әрқилы. Біреулер оның қалыпты құбылыс екенін, барлық елдің қарызы шаш-етектен болатынын айтса, енді біреулер оны экономикаға, тұрақты дамуға төнген қауіп санайды.