30-дық деп жүргенде 50-ліктен де шығып қалдық
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

30-дық деп жүргенде 50-ліктен де шығып қалдық

  • Жан КЕНЖЕ

Бәсекеге қабілетті елдер рейтингі деген бар. Онда 138 елдің бәсекеге қабілеттілігі сынға түседі. Былтыр Қазақстан осы рейтингте 42-орыннан табылса, биыл 53-орынға кеп табан тіреді. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның есебінде айтылған. 11 позицияға төмен түсіп кеткен Қазақстан енді бәсекеге төтеп бергіш 50 үздік елдің қатарынан сызылып тасталды. Бұл ретте біздің «көршілеріміз» – Африкадағы Руанда (52-орын) мен Латын Америкасындағы Коста-Рика (54-орын) болып отыр.

Бұл рейтингте әр мемлекеттің мүмкіндіктері 113 индикатор бойынша бағаланады. Қазақстан бірнеше индикатор бойынша әлсіздік көрсеткен. Мысалы, макроэкономикалық орта, қарыз алудың қолжетімділігі, салық салудың инвестиция үшін тартымдылығы, қаржылық қызметтердің бизнес үшін қолжетімділігі, тарифтік емес кедергілердің кең таралуы, экспорт, құнды қағаздар биржасын реттеу, бизнестің тұтынушыларға бағытталу деңгейі сияқты мәселелерде біз көп елден кейін қалып, көш соңынан ілесе алмай отырмыз. Баяндама авторлары Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған негізгі үш фактор ретінде инфляция деңгейі, салық мөлшерлемесі мен жемқорлықты көрсетіпті.

Бұл рейтинге алғашқы орындарды Швейцария, Сингапур және АҚШ иеленді. ТМД елдері ішінде Қазақстан үшінші орыннан көрінді. Бірінші орында – Әзірбайжан (37-орын) мен Ресей (43-орын). Ал, Қазақстанның бұл рейтингтегі ең үздік көрсеткіші былтыр болған. 140 елдің ішінде 42-орынға тұрақтағанбыз. Алдағы уақыт бәсекеге қабілетті 50 елді қойып, 30 елдің қатарына кіреміз деген жоспар да болған. Өкінішке қарай, біз сол үздік елу елдің қатарынан да шығып қалдық.

«Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, сақалынан айрылыпты» дегендей, дәмеленген позиция биылша бізге жоқ. Қазақстанның кері кетуіне басты себеп – мұнай экспорты азаюының кесірінен мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің нашарлауы.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter