Индустрияландыру аясында іске қосылған 20 жоба тоқтап тұр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Индустрияландыру аясында іске қосылған 20 жоба тоқтап тұр

Индустрияландыру аясында іске қосылған 20 жоба тоқтап тұр
  • Жан КЕНЖЕ

«2016 жылғы 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша Индустрияландыру картасы жобаларының 70 пайызы (600 жобадан астам) жоспар бойынша жұмыс істейді, 20 жоба тоқтап тұр. Бұл іске қосылған барлық жобалардың 2 пайызы. Жобалардың тоқтап тұруының себебі – нарықтың азаюы, айналым қаражаттарының болмауы, өндірілген өнімнің бағасының құбылмалылығы»,- делінген министрлік жауабында.

Ведомство ақпаратына сәйкес, тоқтап тұрған 20 жоба ішінен тек 10 жобаға субсидиялау, пайыздық мөлшерлемелер, «ТДЖҰА» АҚ инновациялық гранттары, ӘКК қаржыландырулары, «ҚДБ» АҚ кредиттеу желілері сияқты мемлекеттік қолдау түрлері көрсетілуде. Дегенмен, министрлік барлық жобалар бойынша оларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, нәтижелі қалпына келтірілген жобалар да бар екендігін атап өткен.

«Баршаңызға белгілі, Қарағанды кремний зауыты (Силициум) индустрияландыру бағдарламасы басталғанға дейін, яғни, 2010 жылы өндіріске қосылды. Бірақ, 2013 жылы кәсіпорын тоқтап қалды. Қайта іске қосу үшін инвестор ретінде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» тартылып, бір жылдан кейін кәсіпорын қайта өнім өндіруді бастады. 2015 жылы 11 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Тағы бір мысал, «ҚДБ» АҚ қаржыландырған «Азия Керамик» ЖШС керамогранит өндірісі 2011 жылы тоқтап қалған еді. Жоба «ҚИҚ» АҚ-қа беріліп, жаңа инвестор ретінде «Зерде» ҒӨБ» ЖШС табылып, зауыттың жұмысы 2015 жылғы мамырда қайта жаңғыртылды»,- делінген ақпаратта.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Майлыбаев министр, Тоғжанов «замрук» болуы мүмкін...

Арыстанбек «азғырған» қыз-қырқынның көтерілісінен кейін жоғары жақ мың ойланып, жүз толғаныпты. Сөйтіпті де «Арыстанбекті орнынан аламыз» деп шешкен көрінеді. Бірақ, мына «мәселесі» шешілгеннен кейін...

Korrespondent.kz Саясат

Қоғамдық тыңдау қарапайым халықтың қытығына тию үшін керек пе?

Бізде бір түсінбейтін жағдай бар. «Халықтың пікірі ескерусіз қалмасын, қандай жағдайда да мәселенің түйінін ел айтады» дейміз. Алайда айтқан сөзіміз бен іс-әрекетіміз бір-бірімен мүлдем қабыспайды. Ел...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Донжуан келе жатыр...

Сыр бойындағы көп ауданның бірінің әкімі бұрын істеп кеткен облыс әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралайын деп жүрген сыңайлы. Бұл қауесетті естіген облыс орталығының қыз-қырқындары «қауесет емес...

Korrespondent.kz Қоғам

Шураулар шөже санап жүргенде, түркістандықтар тауықтарын түгелдеп алды

Күз – молшылық айы. Ала жаздай еткен еңбектің өтеуі осы тұста айқындалады. Жеміс-жидек жетіліп, еккен өнімге орақ түсетін осы тұста шаруалардың шөже санайтыны бар. Сол айтқандай, биылғы күзде түркіста...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter