Индустрияландыру аясында іске қосылған 20 жоба тоқтап тұр
«2016 жылғы 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша Индустрияландыру картасы жобаларының 70 пайызы (600 жобадан астам) жоспар бойынша жұмыс істейді, 20 жоба тоқтап тұр. Бұл іске қосылған барлық жобалардың 2 пайызы. Жобалардың тоқтап тұруының себебі – нарықтың азаюы, айналым қаражаттарының болмауы, өндірілген өнімнің бағасының құбылмалылығы»,- делінген министрлік жауабында.