Біз неге қарыз алудан шаршамаймыз?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Біз неге қарыз алудан шаршамаймыз?

Біз неге қарыз алудан шаршамаймыз?
  • Жан КЕНЖЕ

Таяуда Үкімет алдағы үш жылдың (2017-2019 ж.ж.) бюджетін мәжілісмендерге таныстырды. Осыған орай бірқатар халық қалаулылары өз ойларын білдіріп, сынайтын жерін сынап, жалпы алғанда, бюджет жобасын іске алғысыз етіп тастады. Бюджетті жан-жақты қарап шыққан мәжілісмендер, әсіресе, сыртқы қарыздың көлеміне таңғалды. Олардың ойынша, сыртқы қарыздардың кесірінен Қазақстан жуық арада өзінің Ұлттық қорынан айрылып қалуы мүмкін.

«Төрт жылда сол қарыздарға кеткен шығын 8 есе өсіпті және ол бюджеттің жекелеген салаларына бөлінген қаражаттан асып түсіп отыр. Мәселен, қарызды жабуға жұмсалған ақша медицина мен білім саласына жұмсалған шығыннан да көп. Егер қарыз алу осылай жалғаса берсе, біраз уақыттан кейін біз Ұлттық қордан айрылып қалуымыз ғажап емес» дейді халық қалаулылары.

Олардың уайымы бекер емес. Мұнай мен металдар бағасы арзан күйінше қала берсе, еліміз шикізаттық емес сектордың табысымен күн көруге мәжбүр болады. Ал бұл саладағы табыс теңгемен келіп түсетіні белгілі. Өзіңіз ойлаңызшы, халықаралық банктерден долларлап алынған қарызды теңгемен келген мардымсыз табыспен қайтару ақылға сыя ма?! Себебін білесіз – теңгенің құны қазір көк тиынмен тең. Түкке жетпейді. Ал, шетелдік банктер теңгені қабылдамайды. Соның арқасында қарызымызды қайтара алмай, сорлап қалмас па екенбіз?! Онсыз да қазір біз сыртқы қарызды қайтару үшін мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған ақшадан да көп қаржы жұмсап отырмыз.

Бүгінде сыртқы қарыздың көлемі – 160 млрд долларға жуықтаса, соның ішінде мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз – 32 млрд долларды құрапты. Теңгеге шаққанда – 11 трлн теңге. Егер қазақстандықтардың ең төменгі жалақысы – 24 мың теңгеден сәл-ақ асатынын ескерсек, сыртқы қарызбен 400 миллионнан астам адамның бір айлық жалақысын төлеуге болады екен.

Еліміздің 3 жылдық бюджетін қоғамдық бірлестік өкілдері де кеңінен талқылады. Олардың айтуынша, бұл құжатқа жетіспейтіні – терең анализ. Өйткені, бюджет жоспарында мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқаны, кезінде үлкен сән-салтанатпен ашылған зауыт-фабрикалардың ел қазынасына әкелген табысы мен пайдасы қанша болды деген сияқты мәліметтер мүлде жоқ.

«Көптеген мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың қоры-тындысы, олардың экономикамыз бен мемлекеттік бюджетке тигізген оң ықпалы беймәлім күйі қалып қойыпты. Ең әуелі индустрияландыру бағдарламасының нәтижесін білгіміз келеді, құрметті министрлер» деді салық төлеушілер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрайымы Ж.Ертілесова.

Айтпақшы. Бюджетті жасаушылар ЭКСПО-2017 көрмесін қайдан ұмыта қойсын. Алдағы уақытта оған тағы 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбекші. Бұл қаражат жарнамаға, концерттер мен жарыстар ұйымдастырып, павильондарды көрмеден кейін пайдалануға жұмсалады-мыс.

Бюджетке қатысты экономист-мамандар да пікір білдірді. Экономист Айдархан Құсайынов өз блогында «2017 жылға жасалған салық түсіміне қатысты жоспар 10-15 пайызға орындалмауы мүмкін» деген болжам жасады.

«2017 жылы салық ойдағыдай болмаған соң, не Ұлттық қордан ақша алуға тура келеді, не бюджет шығындарын азайтамыз, болмаса тағы да сырттан қарыз аламыз. Сосын 3 жылға арналған бюджетте жалақыны және әлеуметтік қамту көлемін өсіру қарастырылмаған. Әсіресе, жалақыны өсіру керек-ақ, себебі биылғы 6 айдың өзінде халықтың нақты табысы 10 пайызға кеміп кеткені белгілі. Демек, бұл мәселе өте өзекті. Сондай-ақ, бюджет шығындары 1%-ға төмендетіліп, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша трансферт азайды. Бұл Ұлттық қордың қаржысын үнемдеу саясатына көшкенімізді білдіреді. Бірақ ел әлі дағдарыстан құтылған жоқ. Біз көріп отырған өсім салық есебінен ғана мүмкін болып отыр және меніңше, бұл – уақытша құбылыс. Үкімет көрсеткіштерді «әдемілеймін» деп шынайы өмірден алшақтап барады. Соның кесірінен 2017 жылғы дағдарыстың ауқымы үлкейе беруі ғажап емес» дейді маман.

Сонымен, Парламентке бюджетті талқылауға келген министрлер кабинеті сынның астында қалып, еңсесі түсіп қайтты. Енді оны Үкімет қайта жасауы керек. Елдің сөзінен қорытынды шығара ма, әлде келесі жолы осы жобаны «сәл-пәл» әрлеп, қайтадан көтеріп келе ме – оны уақыт көрсетеді. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Архимедті Архимед қылған кім?

Ол Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалғанда 40 жасқа да толмаған-тын. Аты-жөні де республикаға анау айтқандай мәшһүр емес, ары барса, бір өңірдің жұртшылығы ғана біледі. Сірә, содан да болар, Мемл...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Саясат

Ипотека арқылы үй алудың машақаты аз емес

Жуырда ғана LSM.kz сайты жүргізген зерттеу нәтижесіне көз салсақ, әр банктың ипотека беру шарттары әртүрлі. Мысалы, «Сбербанк Қазақстан» басқарма директоры Мақсат Нұриденұлының айтуынша, бұл банктен А...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Қай облыс несімен мақтанады?

Қазақстанның әр өңірінің өз ерекшелігі бар. Соған орай өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы да әрқилы дамыған. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуына жер асты байлықтары кең мүмкіндіктер берді. Елімізде қазба ба...

Жан КЕНЖЕ Экономика

Ақбура әулие

Қазығұрт тауының етегіндегі Ақбура әулие жайлы жергілікті тұрғындардың бірінен естідік. «Бала кезімізде көп баратынбыз» деп сөзін бастаған Жанеркенің айтуынша, жаз маусымында су астынан жыландар мен б...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter