«91-дің» тағдыры не болмақ?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«91-дің» тағдыры не болмақ?

«91-дің» тағдыры не болмақ?
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Бүгінде «Найнти уан» тобының атағы аспандап тұр. «Қазақы келбет», «қазақы болмыс» сөздері олар туралы дау-дамайда жарқын-жарқын естілгенімен, «қазақылықтан жұрдай топ» деп жазғырады жұртшылық. Тырыстырып шалбар киіп, шаштарын алуан түске бояп, сырға таққан жігіттерге Сәкен Майғазиев Мейрамбектің «ертең олар үйленгенде әйелінен сырғасын қалай сұрайды екен» деп қалжыңдағаны барын айта келіп, оларға «Орда», я болмаса «Ринго» топтары сынды ән айтуға кеңес берді.

Ал Заттыбек Көпбосынұлы Оңтүстіктің өткен аптадағы бастамасына қосылатынын ашық жеткізді. Бұл қатарда «Алашұлы» тобының жігіттері мен Еркін Нұржанов, Ринат Зайытов сынды әріптестері де бар. Әйтсе де бүгінде «Ninety oneға» «Қазақ шоу-бизнесінде революция жасаған топ» деп баға беретіндер бар. Ал олардың сахналық имидждерін фишка деп түсінуге болады деп түсіністік танытып жатқандар да жоқ емес. Олардың продюсері Ерболат Беделхан да мұның әлемдік деңгейде өтімді стиль екенін алға тартып әлек.

Жастар жағы олардың «Айыптамасымен» ғана «ауырып» жүр ме? Айтпақшы, өткен аптада Оңтүстіктің жастары осынау топтың концерт беруіне қарсылық танытты. Осылайша 2 қазанда Шымкентке келуге тиісті топ концерттерін уақытша кейінге шегерді. «Бізге азғындар емес, азаматтар керек! Бізге құзғындар емес, қырандар керек! Елін сүйген ұландар керек!» деп ұрандатқан жастар Ордабасы саябағында жиналып, сырт кейіпі қызға ұқсас қызылды-жасылды жігіттерге: «Бұл қасиетті орда! Отырарда Арыстанбаб жатыр, Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи жатыр, Сайрамда сансыз баб жатыр және үш жүздің басын қосқан Ордабасы да – осында. Тілім деп шырылдап жүрген Мұхтар Шахановтың мекені, әнұранның әнін асқақтатқан Шәмші атамыздың туған жері», – деп, ашынысын бейнероликпен жеткізді. Сондай-ақ, жастар қазақтың сахнасында жүргеннің барлығының Оңтүстікке келіп концертін беріп жатқандығын, олардың ешбіріне де Оңтүстіктің, үлкендердің, жастардың тарапынан қарсылық болмағанын да ескерте кетті. Ал осынау жазбаның астына бұл топты ақтап, жақтап, мақтап пікір қалдырғандардың санында да есеп жоқ...

«Ешкім бөле алмаған қазақты, «Найнти уан» екіге бөлді» деп жазды желі қолданушылары. Әзіл болса да ащы шындық – осы. Бүгінгі у-шу боп, қит еткенді дауға айналдырып жүрген өзіміз емеспіз бе? Бәрінен бұрын бұл дау-дамай «Аққу, шортан, һәм шаянды» еріксіз еске түсіреді. Біріміз ары, біріміз бері тартқылап, киім мен кескін-келбеттің кесірінен өнер деп келген өрендердің әнге деген махаббатына балта шауып алмасақ болғаны да... Иә, тыңдарманын тыңдамайтын «91-дің» ендігі беталысы мен тағдыры қандай болары кім-кімді де қызықтырып-ақ тұр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Майлыбаев министр, Тоғжанов «замрук» болуы мүмкін...

Арыстанбек «азғырған» қыз-қырқынның көтерілісінен кейін жоғары жақ мың ойланып, жүз толғаныпты. Сөйтіпті де «Арыстанбекті орнынан аламыз» деп шешкен көрінеді. Бірақ, мына «мәселесі» шешілгеннен кейін...

Korrespondent.kz Саясат

Он жетімді бауырына басқан батыр әке

Отбасы да Отан сияқты... Өзегіңнен тепсе де, қазығын тапқан аттай қайта айналып соға бересің. Алайда адам біткен ананың сүтімен бойына жақсылы-жаманды қасиет жиып, әкенің тәрбиесімен ақ-қараны ажырата...

Мақпал ТӨРЕБЕК Сіздің елдің азаматы кім?

Ақбура әулие

Қазығұрт тауының етегіндегі Ақбура әулие жайлы жергілікті тұрғындардың бірінен естідік. «Бала кезімізде көп баратынбыз» деп сөзін бастаған Жанеркенің айтуынша, жаз маусымында су астынан жыландар мен б...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Донжуан келе жатыр...

Сыр бойындағы көп ауданның бірінің әкімі бұрын істеп кеткен облыс әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралайын деп жүрген сыңайлы. Бұл қауесетті естіген облыс орталығының қыз-қырқындары «қауесет емес...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter