«Жылаған Ата» бұлағы
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Жылаған Ата» бұлағы

  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Соңғы уақытта «Жылаған ата» бұлағының Құран оқығанда ғана ағатыны туралы видеолар ғаламторда қаптап кетті. Осыған дейін Алладан бала тілеп, ауруына шипа сұрап, әулиеге зиярат етуге баратын жұртшылық енді сол бұлақтан Құран оқылса су ағатын-ақпайтынын білу үшін де ағыла бастады. Біздің де таңданысымызды тудырған әулие туралы біз де әңгіме өрбітуді жөн көрдік.

Таудың төбесінен теңіздей терең көрінетін жер

Жылаған ата үңгірі Қаратау жотасының Жылаған ата шатқалында, Абай елді мекенінен солтүстікке қарай Жылаған ата өзені бойында орналасқан. Түркістан қаласынан 80 шақырымдай әріде орналасқан үңгірдің аузының биіктігі 3 – 4 метр болса, ені 8 – 9 метр, тереңдігі 50 – 60 метр шамасында. Ол бір кездері тау жартастарының құлауынан пайда болған. Шатқалдан төмен түскенде өзеннің сол жағалауында биіктігі 10 – 12 метр жартаста диаметрі 15 – 18 сантиметр болатын қуыс көрінеді. Осы қуыстан оқтын-оқтын су атқылап тұрады.

Онда барғандардың айтуынша, үңгір бір аяқ жолмен жүріп өтетін таудың биік беткейінде орналасқан. Ол жерден төмен қарасаң, жер құдды бір теңіздей терең болып көрінеді. Сағат сайын үңгірден ақ көбіктей мөлдір су атқылайды.

Местегі бала неге өз анасынан қашты?

Ертеректе қарт Қаратаудың баурайында бай-бақуатты бір отбасы жалғыз перзентке зар болады. Ертелі-кеш Аллаға алақан жайып, әулие-әнбие кезген олар «Бір нәрсе бере гөр, бір нәрсе берсең болды!» дей береді екен. Бірде Құдайдан тілеп жүрген осы үйдің әйелі құрсақ көтереді. Алайда айы-күні жетіп, өмірге сәби әкелуге тиіс әйел сәбие емес, мес (қарын) туады. Аңтарылып, абдырап қалған олар молданы шақырады. Мұның тегіннен-тегін еместігін айтқан молда, Алланың сынағы екенін, жұбайың месті етегіне салып қырық бір күнге дейін түсірмей жүруі керегін айтыпты. Бірақ қырық күн тосып, тағаты таусылған ана, жолдасына: «Қашанғы месті көтеріп жүремін» деп етегін жазып жібереді. Сайдан қалай сырғып кеткенін байқамай қалған ол жерге құлап, жарылған местің ішінен қолында аса таяғы бар кішкентай баланың ытқып шыққанын көріп өз көзіне өзі сене алмайды. «Ата-анам, қырқына шыдап, қырық біріне шыдамадыңдар ма?» деп тіл қатқан бала тауға қарай қаша жөнеледі. Балаларының артынан қуа-қуа қажыған олар Алладан дұрыс тілемей, «бір нәрсе бере гөр!» деп дұға қылғандарына кейіннен қатты бармақ тістейді. Анасының «Балам, тоқташылап» соңынан жүгіріп келе жатқанын білген бала: «Артымдағы ата-анам шөлдеп келе жатыр ғой» деп асасымен таудың дөңгелек тасын түртіп қалады. Құдайдың құдіреті, тастың дәл ортасы шытынап, үгіліп түседі. Сөйтіп сол жерден бір қауға шелек өтетіндей құдық пайда болады. Содан бала жалаң аяқ құдықты айналшықтап жүргенінде құ-дықтың айналасында бала-ның кішкентай іздері мен аса таяғының орны тайға таңба басқандай өрнектеліп қалған-мыс. Ал бала болса, сол қашқан бойы ұстатпай, үңгір арасына кіріп, ғайып болады. Ұлдарын ары шақырып, бері шақырып әбігерленгенмен, олардың онысынан түк те шықпайды. Тек тау арасынан баланың «Мені енді іздемеңдер, үйге қайта қойыңдар» дегені ғана естіледі. Амалсыз күте-күте тағаты таусылған олар: «Құдайдың жазғаны осы шығар» деп үйіне қарай аяңдайды. Сонда шешейдің құлағына «Тек енді бұрылып қарама, жалғыз тілегім сол» - деген баласының дауысы келеді. Өкінішке қарай, ақыры күдерін үзіп, таудан шыққан ана ұлына деген қимастықпен кері бұрылып қарап қояды. Артына қараса, оның ізін қызыл су өкшелей басып келеді екен. Әйел қараған заматта су жерге сіңіп жоқ болады. Егер ол бұрылмағанда сол құла дүз жайқалған жасыл желекті далаға айналар ма еді, кім білсін...

Жалаңаяқ баланың іздері...

Үңгірдің кіреберісінде жа-лаң аяқ баланың іздері тасқа басылып қалған. Үңгір кәдімгі сарқырама секілді. Бірақ сарқырамадан үнемі су ағып тұратын болса, «Жылаған атадан» су ылғи ақпайды. Басына барып Құран оқыған адамға ғана ағады. Онда да кей адамға аққанымен, кей адамға ақпайды екен.

Оның себебін ауыл ақсақал-дары «Ниеті таза адамдарға әулиенің суы ағып, ал керісінше ниеті түзу емес кей адамға ақпайды» деп түсіндіреді. Ал жергілікті тұрғындар суға ниеті таза емес адамдар жақындаса, судың тоқтап қалатынын, сондай-ақ олар судың дәмін бір татып көрген адам қайта-қайта ішкісі келетінін айтады. Дегенмен әзірге бұл – бір жұмбақ құбылыс. Аталмыш үңгірді жағалап жүре берсеңіз, тіп-тіке тұрған жартастан тамшылап су ағып тұрады. Оны жергілікті жұртшылық «Жылаған атаның анасының көз жасы» деп атап кеткен. Ал аңыздағы Жылаған атаның местен шыққан жері мен мес түскен жер «Мес әулие» деп аталады. Ол жерді де жергілікті халық киелі жер деп санайды.

Геологтар зерттеу жүргізгенде екі ай су ақпаған

Ауыл тұрғындарының айтуынша, осыдан біраз жыл бұрын геологтар үңгірдің құдіреті туралы естіп, жәй ғана теңіздің толқыны болса керек деп тұжырымдайды. Сөйтіп «Жылаған атаның» басына келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізбек болады. Алайда олар екі ай бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген аралықта бұлақтан бірде-бір рет су шықпайды.

Бір күні бір жігіт ағасы ниет етіп үңгірдің басына түнейді. Ертесіне бір молданың намазға жығылғанын көріп, қасына отыра кетіп, ішінен дұғасын оқи бастағанда артқы жағынан нәрестенің шиқылықтаған даусы естіледі. Жалт бұрылып қараса, кішкентай бала құммен үйшік жасап, соны қызықтап отыр екен. Орнынан атып тұрған жігіт балаға жақындай бергенде, ол бірден үңгірге кіріп кетеді. Содан соңынан ілесуге тырысқан жігіт үңгірден аттай бере, ортада қысылып, шыға алмай қалған деседі. Сөйтіп оны молдалар шақыртып, Құран оқытып, әзер дегенде шығарып алыпты.

Оңтүстік киелі, әулиелі жерлерге бай. Тылсымға толы осынау жерлердің жай-жапсарын аңыздар арқылы аз да болса біліп жатамыз. Әйткенмен әлі де болса тарихи орындар мен кесенелердің қадіріне жетіп, туристік аймаққа айналдырып, өзгелерге таныта алып жатқанымыз шамалы...

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter