Үй салу үшін қанша ақша керек?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Үй салу үшін қанша ақша керек?

  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Дәл қазір құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қалалы жерлерде де, ауыл аймақтарда да бірінен соң бірі бой көтеріп жатқан жаңа үйлердің саны аз емес. Құрылыстың қарқыны қызған сайын оған кететін материалдарға да сұраныс арта түсетіні белгілі. Сонымен бірге осы мезгілде жұмыссыздық та біршама бәсеңдейді. Бойында өнері бар азаматтар қолдан қолға тимей, жаз бойы жырғап қалатыны да жасырын емес. Бірақ, осынау баспана салу мәселесі бір қараған адамға оңай көрінгенмен оның да өзіне тән қиыншылықтары мен қызықшылықтары болады. 

ЖЕР АЛУ МАШАҚАТЫ

Баспана салу әрекетімен жүргендердің алдынан ең алдымен жер алу мәселесі шығады. Иә, кәдімгі үй салу үшін берілетін жер телімі. Қалалы жерлерде қазір жердің құны шарықтап тұр. Ауыл аймақтарда да тәуір жер табу оңай емес. Ертерек қимылдап екі-үш жер алып қойғандар да жоқ емес шығар, дегенмен арқаны кеңге салып қойып асықпай жүретіндер үшін жер алу – аспандағы айға қол созғанмен бірдей болып тұр. Ұзын-сонар кезекте тұрғандардың санынан бүгінде адам жаңылысады. Қанша жылдан бері кезекте тұрып, алақандай жер ала алмай жүргендерге табылмайтын жер телімі ақшалылар мен алып-сатарлардың қолына өтіп кеткені бүгінде жасырын болмай қалды. Оған дәлелді алыстан іздемей-ақ, кез-келген жарнама газетін аша қалсаңыз әлгінде ғана арман болып тұрған жер учаскелерінің түр-түрін табасыз. Бағасы да анау-мынаудың басын айналдыратындай қымбат. Айталық, Шымкент қаласының орталығына жақын маңдағы жерлер 100-200 мың АҚШ долларының айналасында болса, қолжетімді делінетін шағынаудандардың өзінде 15-20 мың «көк қағазың» болмаса жер іздеп әуре болмай-ақ қойыңыз. Және қара жерден қаржы тауып отырғандардың басым бөлігі кезінде қызметінің құзіретін пайдаланып, жерлерді гектарлап жекешелендіріп алғандар. Міне осыдан-ақ қарапайым халыққа жеткізе бермейтін жерлер әлдекімдердің бизнес көзіне айналып кеткенін аңғаруға болатындай. Жер бизнесі қалалы жерлерді қойып, ауылдарға да «ауыз сала» бастады. Өйткені, бүгінгі таңда ауыл іргесінен де үйіргелік жер таппайсың. Бос жатқан жер телімдерінің барлығы дерлік әлдеқашан сатылып кеткен. 

АҒАШ БАЗАРДАҒЫ АЛАЯҚТАР

Қолдан қолға өтіп жүретін жердің бірін әупіріммен қолға түсіргеннен кейін оның басын қарайту үшін тағы біраз қарбаласты бастан кешесіз. Ол қандай қарбалас? Жаңа жоғарыда айтқанымыздай, көктем келіп күн жылынғаннан-ақ құрылыс материалдарының бағасы шарықтап шыға келеді. Оның бағасы да көктемнің қысқа күніндей сан құбылып тұрады. Демек, бұл саланы да алыпсатарлар жайлап алған. Шөптің басын сындырмай теңге тауып отырған саудагерлер өз кәсібінің кәнігі маманы болып алғаны сонша, қалай есептесеңіз де аузыңызды аңқитып кетеді. Шымкентте бір емес бірнеше жерде құрылыс материалдарын сататын базарлар бар. Ондағы өріп жүрген көп адамның қайсысы сатушы, қайсысы жүктеуші екенін біліп болмайсың. Базарға келген адамның алдынан жүгіріп шығатын жас жігіттер аузы-аузына жұқпай ағаштардың түр-түрін жарнамалай жөнеледі. Тауарын біреу жарнамалап, оның орнына жұмыс істеп жүрген соң шығар, алдына көк шайын қойып көлеңкеде жамбастап жатқан сатушы маңғаздана тіл қатады. Сөйтсек, аузы-аузына жұқпай зуылдататындар біреудің затына үстеме ақша қойып, сол екі арада теңге табатын делдалдар екен.

«КРИЗИС» ТЕ КИЛІГІП ТҰР

Биыл баспана салатындардың шаужайына қаржы дағдарысы да килігіп тұр. Былтырғы жылмен салыстырсақ бағаның біршама қымбаттағаны байқалады. Күйген кірпіштің құны былтыр 20 теңгенің о жақ, бұ жағында болса, биыл бір данасы 30 теңгеге дейін өскен. Ағаштар да айтарлықтай қымбат. Тек цементтің бағасында ғана айырмашылық байқалмайды, бір қабы былтырғыдай мың теңге. Есесіне шағыл құм мен қиыршық тастың бағасы қымбаттаған. Бір КаМАЗ тас бар-жоғы 15-20 мың теңге болса, биыл 30 мыңның үстінде болып тұр. Сондай-ақ, құрылысшылардың қолақысы да айтарлықтай көтерілген. Қымбатшылық қылкеңірдектен алып тұрған мына заманда ақшаның құнсызданатыны белгілі. Қаржы құнсызданған соң адамдардың айлық-жалақысы да көтеріледі. Барлық сала бойынша еңбекақы жоғарылатылған соң құрылысшылардың «қаламақысы» да өсетіні анық. Бұл сайып келгенде үй салдыратындардың қалтасына салмақ түсіреді.

АСАРЛАТЫП САЛҒАН ТИІМДІ

Жалпы, үй салудан үрке беруге де болмайды. Тәуекел еткен адамның есебі түгел. Оңтүстікке қарағанда біршама қымбаттау жүреді делінетін Атырау облысының өзінде 2,5 млн. теңгеге үй бітіріп алғандар бар. Өзін Еркін деп таныстырған жігіт ағасы үй салу әрекетіне осыдан бес жыл бұрын кірісіпті. Ол үйін 2010 жылы бастаған. Сол жылы үйдің іргетасын қалады. Келесі жылы қабырғасын тұрғызды. Ал биыл төбесін жабуға кірісті. Еркін жұмысшыларды биыл ғана жалдауға мәжбүр болды. Өзбекстандық төрт жұмысшыға үйдің төбесін жабуға 130 000 теңге төлеуге келіскен. «Негізі үйді салу үшін мықты дәлдік қажет, - дейді ол. Құрылысшы геометрияны керемет білгені абзал. Жалпы, үйді 10 жұмысшы салса, құрылыс тез әрі жеңіл жүреді. Ал мен үйдің қабырғасын алдыңғы жылы ағайын-туыстарыммен, дос-сыныптастарыммен бірге асарлатып тұрғызған болатынмын. Былтыр сегіз адам болып ішкі төбе тақтайын жаптық. Биыл шаршағасын жұмысшыларды жалдауға тура келді. Онда да төбесіндегі ағаштардың жартысын өзіміз салып қойғанбыз. Ал жұмысшыларға үйдің қабырғасын қалатқан болсам, көп ұтылатын едім. Себебі, олар әр кірпішті қалағаны үшін - 45 теңге алады. Сол үшін баспананы асарлатып, ағайын-туғанның көмегімен салған арзан түседі».

P.S. Баспана салғандардың арасында «Біреуді қарғасаң үй сал деп қарға» деген қалжың аралас астарлы сөз бар. Бұл бәлкім баспана салу барысында кездесетін түрлі машақаттардың азабынан кейін айтылған сөз шығар. Дегенмен жылы үйге кірген соң бәрі де ұмытылады. Ең бастысы баспана алу үшін банкке кіріптар болмайсың. Жиырма жыл несие төлегенше бір-екі жыл қиналсаң да жер алып, үй салып алған тиімді екен. Тек аздап тәуекел керек.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Аля
0 Аля 17.05.2016 12:48
Мал ұстайтын үлкен қораның төбесін қандай материалмен жабуға болады.профнастилге қаражат болмай тұр.арзанға шығатындай жолын білетін пікірлеріңізбен бөліссеңіздер екен .
Жауап беру
Аля
0 Аля 17.05.2016 12:50
Мал ұстайтын үлкен қоранын төбесін жабатындай қандай материал қолдансс болады. Профнастилге қаражат болмай тұр.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter