Оңтүстіктің абыройын төккендер...

Басына бөтелке тиіп, елді біраз шулатқан Шардараның әкімі төңірегіндегі дау-дамайға қатысты талай шенеуніктердің аты аталуда. Әкімді ұрған адамды айдап салған Айтөреев деген әңгіме ел арасында желдей есіп тұр. Айтөреевіңіз бұрын дәл осы Шардараны басқарып, кейін облыс әкімінің сүйрелеуімен облыс мәслихатының хатшысына айналған болатын. Осындай осындайлар құлағына жеткен соң, олардың «тірлігін» тіпті Астана жақ майшаммен қарап жатыр екен-міс. Кейбір бейресми ақпараттарға сенсек, Айтөреев қызметінен кететін болыпты. Егер шынымен кетсе, демек, «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайдының» нақ өзі болғаны ғой?!
Бұл жерде не деуге болады? Егер шынымен Айтөреевтің қатысы бар болса, онда ол облыс әкімін оңдырмай «лақтырды» деген сөз. Себебі облыс әкімі оны «фактический» жұмыссыз қалған кезінде үлкен сенім артып, облыс мәслихатының хатшылығына әкелгенін ел жақсы біледі. Шынын айту керек, мұндай жәйттердің бәрі Оңтүстікте кадр мәселесінің ушығып тұрғанын, аяқтан шалу, «лақтырып» кету сияқты проблемалардың көп екенін, Оңтүстікті басқарудың аса қиын шаруа екенін дәлелдей түседі. Бұл у-шу, әсіресе, облыс әкіміне қатты тиген шығар.
«Негізі Шардараның әкімінің қылығын да ақтап алуға болмайды» дейді шағалалы өңірдің халқы. «Білдей ауданның әкімі, бірінші тұлғасы көл жағасында той-тойлап неғып жүр? Кафе-ресторандарда сілтеп қойып, биді шашып жүргенін талай көрдік, демек, өзінен де бар да» дейді олар. Демек, облыс әкімін «подставить» еткен басты қаһарман – аудан әкімінің нақ өзі деп қорытынды шығара беруге де болатын сияқты...
Арман, Бұлтбай жұмыс істей береді үйткені олар НҰР-ОТАН партия мүшелері.
Оларға бәрі дозволено