Оңтүстіктегі ең өзекті мәселе – жұмыссыздық пен қылмыс
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Оңтүстіктегі ең өзекті мәселе – жұмыссыздық пен қылмыс

Оңтүстіктегі ең өзекті мәселе – жұмыссыздық пен қылмыс
  • Жан КЕНЖЕ

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңір деп әдетте Оңтүстік Қазақстан облысын айтып жатады. Бұл аймаққа қойылған атау, берілген баға әдетте саналуан болып келеді. Елбасы «Бір-ақ рет берілетін өмірді Шымкентте сүру керек» десе, екінші біреулер оны қазақстандық Техасқа теңейді. Ең танымал өңірге қандай сипаттама лайық, сіздіңше? Қылмыс пен жұмыссыздықтың, мұң мен шарасыздықтың мекені ме, әлде даму мен өрлеудің, өркениет пен инновацияның тоғысқан тұсы ма? Бүгінгі әңгіме арқауы – осы аймақтың тыныс-тіршілігі.

1932 жылы құрылған, Қазақстандағы халқы ең тығыз қоныстанған облыстың аумағы – 117,3 мың шаршы метр. Халқының саны жөнінен де облыстар арасында көш бастап тұр. Ресми мәліметке сенсек, мұнда 3 млн-ға жуық адам тіршілік етуде. Басқаша айтқанда, республика халқының 15%-ы ОҚО-да тұрады. Республика бойынша бала туу және халық санының табиғи өсімі жөніндегі ең жоғарғы көрсеткіш те – осы өңірге тиесілі. Тұрғындардың басым бөлігі – қазақтар. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Халқы көп әрі тығыз орналасқандықтан ба екен, оңтүстік жұрты жұмыссыздықтан әбден қажыған. Сондықтан да өткен жылдан бастап мұндағы тұрғындар ақырындап солтүстік аймақтарға көшіріліп жатыр. Биылдың өзінде 100-ден астам отбасы теріскейге тұрақтап, жалақысы мардымсыз болса да, әйтеуір жан бағатын жұмысқа орналасып, үйлі болған.

Оңтүстік халқы үшін ең өзекті мәселе – жұмыссыздық екендігі басқа да мәліметтерден білінеді. Мысалы, облыста 70 мыңға жуық жұмыссыз азамат бар. Облыс орталығының өзінде 3 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек таба алмай, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Бұл – тіркелгені ғана. Тіркелмеген қанша адамның күнкөріс үшін жалданатын жай таппай жүргені бізге беймәлім. Таяуда өткен бос орындар жәрмеңкесінің өзі мұндай адамдардың шектен тыс көп екенін, жәрмеңкенің көмегі – теңізге түскен тамшыдай ғана болғанын көрсетіп берді. Өйткені, жәрмеңкеде көбінде жұмыс іздеуші жұртшылық пен жұмыс беруші ағайынның талаптары мен сұраныстары бір-біріне сәйкес келмейді. Айталық, ауруханалар дәрігер, зертханашы, инфекционист т.б. білікті мамандарды іздеп жатса, жұмыс іздеген халық негізінен ешбір мамандығы жоқ немесе педагог, қаржыгер сияқты аса қат емес мамандықтың иелері болып шығады. Сондай-ақ, мұндағы ел арнайы «сыйлық» бермей, орнықты жұмысқа орналасу қиын екенін де жақсы біледі. Оған үйреніскен, көндіккен. Ал ондай қомақты сыйлық беруге жағдайы жоқтар тұрақсыз, жалақыңды айлап бермейтін немесе айлығы мардымсыз жеке кәсіп иелеріне жалдануға мәжбүр.

Статистикаға көз салсақ, ең төменгі жалақы мөлшері де оңтүстік өңірде тіркелген. Республика бойынша оның көлемі – 133 мың теңге болса, оңтүстікте – 90 мың теңгеге жетер-жетпес. Әрине, бұл орта есеппен алынған сома, көпшілігі 90 мың теңге деген жалақыны түсінде де көрген емес. 5-10 адамнан құралған үлкен әулеттер шамамен 30-50 мың теңгеге қанағат қылып, өмір сүре береді.

Жұмыссыздық кесірінен аймақта қылмыс азаймай отыр. Керісінше, жылдан-жылға өсіп, өршіп барады. Былтырдың өзінде қылмыс саны 25,3 пайызға артып, 34 мың оқиға тіркелген. Сол қылмыстардың 92 пайызы – жұмыссыз азаматтардың қолымен жасалған. Облыста өзіне қол жұмсаған әйелдердің 30 пайызға көбейгенін де айта кеткен абзал.

Күнгейдің экономикасына да тоқталып өтейік. Соңғы кездері өңірдің әл-ауқаты оңбай тұрғаны жасырын емес. Ағымдағы жылдың 7 айында ОҚО-ның сыртқы сауда айналымы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 30 пайызға жуық төмендеген. Сауда айналымы 950 млн долларды құрайды. Өңірдің басты сауда серіктесі – Өзбекстан. Негізінен ұн, бидай, қара металл сынығы, темірден жасалған жартылай фабрикаттар, күнбағыс майын сатады. Қытаймен де байланысы жаман емес. Аспан асты еліне мұнай, қызылмия тамырын, тері өткізсе, олардан антибиотик, полимер, дөңгелек, тас, құбыр, құрал-жабдық т.б. заттарды көптеп сатып алады екен. 18 мыңға жуық заңды тұлға тіркелсе, соның 3,5 мыңы – сауда, 3 мыңға жуығы – білім саласында жұмыс істейді.

Қалай дегенмен де, аймақта проблема аз емес. Оны тиімді шешу – негізінен биліктің құзырындағы мәселе.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Архимедті Архимед қылған кім?

Ол Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалғанда 40 жасқа да толмаған-тын. Аты-жөні де республикаға анау айтқандай мәшһүр емес, ары барса, бір өңірдің жұртшылығы ғана біледі. Сірә, содан да болар, Мемл...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Саясат

Ипотека арқылы үй алудың машақаты аз емес

Жуырда ғана LSM.kz сайты жүргізген зерттеу нәтижесіне көз салсақ, әр банктың ипотека беру шарттары әртүрлі. Мысалы, «Сбербанк Қазақстан» басқарма директоры Мақсат Нұриденұлының айтуынша, бұл банктен А...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Қай облыс несімен мақтанады?

Қазақстанның әр өңірінің өз ерекшелігі бар. Соған орай өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы да әрқилы дамыған. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуына жер асты байлықтары кең мүмкіндіктер берді. Елімізде қазба ба...

Жан КЕНЖЕ Экономика

Ақбура әулие

Қазығұрт тауының етегіндегі Ақбура әулие жайлы жергілікті тұрғындардың бірінен естідік. «Бала кезімізде көп баратынбыз» деп сөзін бастаған Жанеркенің айтуынша, жаз маусымында су астынан жыландар мен б...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter