Мемқызметкерлердің компьютерлері 18.30-да автоматты түрде сөндірілетін болды
Елордалық мемлекеттік қызметкерлердің жұмывсы қиындайын деп тұр. өйткені енді оларыдң жұмыс компьютерлері кешкі сағат 18.30-да автоматты түрде сөндірілетін болды. Еліміздің Инвестиция және даму министрлігінің Кадр жұмыстары жөніндегі департаментінің директоры Марат Иғали Tengrinews.kz-ге айтып берді.
Министрлік өкілдері жұмыс уақытының жаңа есеп жүйесін енгізе бастады. Директордың сөзіне сенсек, жүйе сынақ тәртібінде шамамен бір ай бұрын енгізіле бастаған. Ол осылайша басшының немесе қызметкердің жұмыс уақытында қаншалықты тиімді жұмыс істейтіні сарапталатынын айтты. Басшылық жаңа есеп жүйесін екі ай уақыт бойында сараптамақшы.
"18.30-да (жұмыс уақытының соңы) бағдарлама қызметкердің компьютерін автоматты түрде сөндіреді. Ал егер жұмысшының жұмысы бұл уақытта ақяталмай қалса, жұмыс уақытын себебін айта отырып жалғастыра алады. Сараптама бір айдың қорытындысы бойынша жүргізіледі: қызметкерлердің қайсысы және қай құрылымдық бөлімшелер жұмыс күнінен кейін жұмыс істейді және ең басшысы - "неге?" деген сұраққа жауап алынады. Бөлімше жетекшілерінің әрқайсысының қызметін бағалауға бұл әдіс таптырмас мүмкіндік береді деген болжам бар", - деді Марат Иғали.
- мемлекеттік қызметкерлер
- жұмыс уақыты
- мемқызметкерлер
- госслужащие
- работник госоргана
- шенеунік
- чиновник
- корерспондент
- қызық ақпарат