ЭКСПО билеттерінің бағасы 4 мың теңгеден басталады
ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде 2 қарашадан бастап сатылады. Бұл туралы 7kun.kz сайты хабарлайды.
ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде 2 қарашадан бастап сатылады. Бұл туралы 7kun.kz сайты хабарлайды.
Алматының ірі сауда орталықтары да жұртты алдап жүр. Төмен баға деп жарнамалайтын супермаркеттер таразыдан жеп, пайда табады екен. Тауарлардың салмағы қорапта көрсетілгеннен әлдеқайда аз екені арнайы тексеру барысында анықталып отыр. Әсіресе, кем өлшенетін - қант, май, макарон өнімдері. Қулыққа ірі дүкендер ғана емес, жанармай бекеттері де барған. Олар бензинді тиісті мөлшерде толтырмай, жүргізушілердің қалтасын қағыпты.
Үстіміздегі жыл тәуелсіздік құшағындағы соңғы сүреңсіз жылдарға қарағанда, қоғамдық-саяси оқиғаларға бай, мағыналы, іш пыстырмайтындай «қызық» жыл болды. Жер дауы, елде бүлік салып, төңкеріс жасамақ болған «сыра королі», таяқ жеген Есентаева, марафоншы Мәсімов – тағысын тағы «көкейтесті» оқиғалар. Кейде осының бәрі халықтың назарын шынымен де өзекті, ел тағдыры үшін маңызды мәселеден бұрып әкету үшін жасалып жатқандай көрінетіні рас. Себебі, біз қазір экономикалық дағдарыстан айтарлықтай зардап шегіп жатырмыз. Ел тұрмысы тұралап, экономикалық көрсеткіштер 2005 жылдың деңгейіне түсіп барады. Бірақ ол бізді онша қызықтырмайды. Өзіміз білмейтін салада неміз бар, ал Есентаеваның көгерген көзі мен жыртылған ернін талқылау үшін үлкен білім қажет емес, қызығушылық болса жеткілікті. Сол аралықта біз ең кедей елдер рейтингінің төрінен орын алып, африкалық Чад мемлекетінің деңгейін «қуып жеттік». Құтты болсын!
Мақтаралда мақта теру науқаны басталды. Мақташы қауымның ала жаздай еткен еңбегі ақтала ма, әлде жылдағы сарынмен тағы да арзымайтын тиын-тебенді қанағат тұтып қала бере ме? Бұл – бүгінде қарасы 300 мыңнан астам мақтаралдықтардың ғана емес, сонымен бірге техникалық дақыл егуді кәсіп еткен басқа аудан тұрғындарының да білгісі келетін сауалы. Бірақ қанша жылдан бері айтылып келе жатқанына қарамастан «ақ алтын» деп әспеттелетін өніміңіздің нақты бағасы белгіленбеген. Шаруалар жылда көктемде «биыл баға жақсы болатын шығар» деген үмітпен жерге шит себеді. Құдай жарылқап, баға жоғары болса жақсы, әйтпесе ала жаздай еткен еңбекті айтпағанда мақта егу барысындағы мың-сан шығынның өзі ақталуы қиын.
Error: No articles to display
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
DivideGroup — сайт әзірлеуші |
E-mail: [email protected]
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter