Аты жоқ ауыл қатарға қашан қосылады?
Көзі қарақты оқырманның есінде болса, осыдан біраз уақыт бұрын біз аты жоқ ауыл жайлы мақала жазған болатынбыз. Онда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы, 1-мамыр ауыл округіне қарасты төрт бірдей ауылды біріктіретін үлкен елдімекеннің әлі күнге дейін бір атқа тоқтай алмай, төрт түрлі болып айтылып, жазылып жүргені жайлы мәселе көтерген едік. Ауыл тұрғындары ресми хаттарына «Қамышлақ», «Зағамбар», «Науаи» деп үш түрлі ат қоюға мәжбүр болса, тағы бір мекемелер «Сендерден қаламыз ба?» дегендей, маңдайшаларына мүлдем басқа – «Тағайна» деген атты таңдағанын көріп, таң қалғанбыз.