Сарыағашта ауызсуға жарымаған ауылдар бар
Күні кеше ел болып Тұңғыш Президент күнін тойладық. Сәл күнде еліміз үшін тағы бір қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтпекпіз. Әрине, еліміз осынау жиырма бес жылда көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Осыдан бес-он жыл бұрын алдымыздан қайта-қайта шығатын ауызсу мәселесі бүгінде біршама шешілген. Шешілмегенде ше, халықты таза сумен қамтамасыз ету мақсатында бір емес, екі бірдей бағдарлама өмірге келіп, келелі жұмыстар жүзеге асты емес пе? Бірақ, «аспаннан киіз жауса да, кедей сорлыға ұлтарақ бұйырмапты» дегендей, екі бірдей бағдарлама қабылданып, қаншама жұмыстар атқарылса да, әлі күнге дейін ауызсуға жарымай отырған ауылдар бар.