Қорқор шегіп, қор болма!
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қорқор шегіп, қор болма!

Жастардың не нәрсеге болса да, еліктей кететіні бар. Жақсыны да, жаманды да жадына тез қабылдап алатын жас жеткіншектер кейінгі кезде «кальяннан» көп зардап шегіп жүр. Бесіктен белі шықпай жатып жаман әдетке үйір болатын жастардың көбі негізінен жарнаманың «құрбаны» болып жатады. Кәмелет жасқа толмай жатып «кальян» тартатын балалардың көбейіп кеткеніне ата-аналар да алаңдай бастады.

Осыны негізге алған болуы керек, таяуда Алматы қаласындағы «Түтін иісінен еркін Қазақстан үшін» атты ұлттық коалициясы балалар мен жасөспірімдерді кальян түтінімен улап отырған кафе-барлардың иелерін айыптап отыр. Бизнесмендер өз саудасын жүргізу үшін, сыйлыққа «кальян», ал екіншісі тегін берілетін көрінеді. Жарнамаға «кальян шек те, өзіңді король секілді сезін» деп жазып қойған. Осылайша жасөспірімдердің назарын өздеріне қарай аударып отыр.

«Олар ұятсыз жарнама жасап, кальяндарын балаларға сатып жүр» - дейді «Түтін иісінен еркін Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының жетекшісі Жәмилә Садықова.

Ол интернеттен сондай бір мейрамхананың баспасөз мәсли-хатын көргенін айтады. Сол мейрамхананың бір тұтынушысы онда кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құжатсыз кіріп кетіп, тапсырыс бере алатындығын айтқан. Бұл ретте ресторатор Гурген Басенциян «біз ата-анасымен бірге келген балаларға кальян ұсынамыз. Олар ата-анам қасымда болған кезде шектім деп айта алады», – деді.

Өркен МЫРЗАБЕК,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 1-курс студенті

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter