Түрмеден қашқан жігіт бір айдан кейін ұсталды
- Жанат ҚАПАЛБАЕВА
Таразда бір ай бұрын түрмеден қашқан сотталушы бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті хабарлады.
«27 жастағы сотталушы облыс орталығынан 18 шақырым қашықтықтағы Шөлдала кентіндегі қоныс колониясында (ұрлық бойынша 4 жылдық мерзім) жазасын өтеп жатқан. Мамыр айының басында еркін жүру құқығын пайдаланған ол емханаға барып жүріп, қашып кеткен», - деп мәлімдеді облыстық ҚАЖ департаменті басшысының м.а. Нұрқожа Нығметжанов.
«Содан бері ол іздестіруде болды. ҚАЖ қызметкерлері қашқынның ізіне түсті, ол Тараздағы танысының үйіне жасырынған болып шықты. ҚАЖ қызметкерлерінің әрекеті жемісін берді. Күн сайын қаладағы бейнебақылау камераларын жіті қарау барысында оның қалада жүргені анықталды. Оны тұтқындау операциясы кешке қарай жүргізілді», - деді Н. Нығметжанов.
- түрме
- Тараз
- түрмеден қашқан
- соттаушы