Қарызды жәрдемақы есебінен өндіруге тыйым салынбақ
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қарызды жәрдемақы есебінен өндіруге тыйым салынбақ

  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Таяуда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Бұл жолы депутаттар аса дауласып, даурыққан жоқ. Қаржы және бюджет Комитетінің мүшесі Дания Еспаева құжатта азаматтардың берешегін әлеуметтік төлемдер мен мемлекет тарапынан тағайындалған жәрдемақы есебінен өндіруді шектеу нормалары қаралғанын айтты. Одан бөлек, қарызды балаларының білім алуға ақша жинақтайтын депозиттердегі ақшадан да өндіруге жол берілмейтін болады.

«Заң жобасы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы аясында, сондай-ақ Мемлекет басшысының мезеттік төлемдер жүйесі операторларының қыз-метін реттеу мәселесін пысықтау жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін әзірленді. Жұмыс тобына 200-ден астам ұсыныстар келіп түсті.

Халықаралық стандарттарды ескере отырып, төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем қызметтері нарығын реттеу мәселелері бойынша құқықтық ережелерді бекіту, сондай-ақ қолданылатын халықаралық тәжірибеге сәйкес, төлемдер мен аударымдар саласындағы нормаларды жетілдіру қажеттілігі заң жобасының мақсаты болып табылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ұлттың банкі төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанның төлем нарығында күрделі құрылымдық өзгерістер орын алып, нарыққа жаңа банктік емес ойыншылар келуде, жаңа буын төлем қызметтері де пайда болып жатыр. Ал халықаралық стандарттардың енуі нәтижесінде төлем жүйесінің тәсілдері де өзгеріске ұшыраған. «Осыған байланысты төлем нарығының жұмыс істеуі саласында құқықтық негізді құру және қарым қатынастар кешенді реттеу, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдар рәсімдері бойынша нормаларды жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірлеу қажеттілігі туындады», - дейді ҰБ төрағасы.

Бұдан бөлек, заң жобасы төлем қызметтерін тұтыну-шылардың мүдделерін қорғауға бағытталады. Жалпы заң жобасын қабылдау төлем нарығының айқындығын едәуір арттыруға, жаңа ойыншылардың қызметін реттеуге, төлем жасау барысын оңтайландыруға, соңғы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter