Сириялық босқындар Таразға қайдан келген?
- Жанат ҚАПАЛБАЕВА
Жамбыл облысында сириялық бес босқын тіркеуде тұр. Бұл туралы аймақтың Ішкі істер департаменті мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Ағымдағы жылдың 25 мамырындағы жағдай бойынша облыс аумағында 6 босқын тіркелген. Оның 5-еуі - Сирия азаматы болса, біреуі - Түрікменстан азаматы», – делінеді облыстық ІІД хабарламасында.
Полицияның айтуынша, босқын мәртебесі бір жылға тағайындалады. Өкілетті орган босқын мәртебесін алған тұлғаға бес жұмыс күні ішінде мәртебесін растайтын куәлік береді.
- Сирия босқындар
- Тараз