Сұрақ - сізден, жауап - бізден!
- Бекжігіт МӘУЛЕНОВ
– Маған әскери комиссариаттан шақыру келді. Өзім отбасындағы жалғыз ұлмын. Әкем жоқ. Анам, әпкем және қарындасым төртеуміз тұрамыз. Әскерге бармауыма бола ма?
– Егер әскери комиссариаттан шақырту келген болса, баруыңыз керек. Ал, әскерден босатылу мәселесіне келсек, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы № 561-IV Заңының 36-бабында әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан босатылатын азаматтардың санаты көрсетілген. Сіз өзіңіздің сол санаттың біріне жататыныңызды растайтын құжаттарды әскери комиссариатқа ұсына аласыз. Әскери қызметтен жалтарғаны үшін жауапкершілік қаралғанын ұмытпаңыз.
– Жақын арада Эстонияға бармақшымын. Сол жақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі де бар. Қазақстандық үлгідегі жүргізуші куәлігі Эстония-да жарамды ма?
– Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі Жол жүру ережесі туралы Вена конвенциясына қол қойған елдердің барлығында жарамды. Ол 80-нен астам мемлекет. Соның ішінде Эстония да бар. Сондықтан сіз Қазақстанда алған жүргізуші куәлігімен сол елде көлік жүргізе аласыз. Ал, жүргізуші жұмысына орналасу сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- әскер комиссариат
- Эстония