Сұрақ - сізден, жауап - бізден!
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сұрақ - сізден, жауап - бізден!

  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

– Қолымда кішкентай балам бар. Өзім 1-топтағы мүгедекпін. Күйеуім тастап кетті. Тым құрыса  балама қарауға көмектесетін мемлекеттен көмекші тағайындала ма? 

Камиша Есмұхамбетқызы, «КЕШ» құқық қорғау орталығының заңгері: 

– Егер де балаңыз үш жасқа толмаған болса күйеуіңізден сізді әрі балаңызды асырауға алимент өндіруге болады. Егер сіз 1 топтағы мүгедек болсаңыз, онда сіздің мүгедектік санатыңызға байланысты үкіметтен көмекші сұрауға немесе тағайындауға құқылысыз. 

– Есімім Жазира. Петропавл қаласының тұрғынымын. Ешқандай құжатты заңдастырмай алматылық туысқанымның перзентін асырап алған едім. Петропавл қаласына автобуспен әкелдік. Туысқаныма ол нәресте керегі жоқ болатын, біз кеткен соң ол Алматы қаласындағы АІІБ балам жоғалып кетті деп арызданыпты, бір жылдан соң істі қысқартып тастаған білем. Нәрестенің туған анасы әрдайым хабарласып, менен материалдық көмек алып тұрды. Одан кейін біз бір ауылдан жер үй алып, көшіп кеттік. Сол күйі нәрестенің туған анасымен мүлдем араласқан жоқпыз. Нәрестеге енді құжатты жоғалтып алдық деп жасатпақ ойым болған еді. Алайда, бізді туысқаным тауып, жазаға тартамын деп отыр. Менің іс әрекетімде қандай да бір заңсыздық бар ма?

Камиша Есмұхамбетқызы, «КЕШ» құқық қорғау орталығының заңгері:

– Жазира, қылмыстық кодекстің 125-бабында адам ұрлауға қатысты қылмысқа 4-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер де сіздің жасаған әрекетіңізде өзге де қылмыстық іс-әрекет болмаса, онда жауаптан босатылу көзделген. Егер сіз нәрестенің туған анасына көмек беріп, ұрлық жасау ойыңыз болмағанын дәлелдей алсаңыз, онда аналық құқықтан туған ананы айыру туралы сотқа шағымдануға болады. Ол үшін сізде қолыңыздағы дәлелдемелерден тысқары күәгерлер болуы қажет. Ең алдымен баланы алғанда нотариалды куәландырып алған жөн еді. Енді анасы адагершілікке жат қылық істемесе, баласына салғырттық танытқаны дәлелденбесе, әрі шынымен бала іздеуде болған болса, онда нәрестені туған анасына заң бойынша қайтарылатынын біле жүріңіз.

– 2014 жылдың наурыз айныда «автонесие» бағдарламасы бойынша көлік сатып алған едім. Несие мерзімі 7 жыл болатын. Банк несие туралы келісім-шарттың аясында көлікті «АвтоКАСКО» бойынша 7 жылға сақтандырды. 2015 жылдың қараша айында несиемді мерзімінен бұрын жаптым. Енді, банк маған сақтандыру полисінің қолданылмаған мерзімі үшін төленген ақшаны қайтаруы тиіс пе ? 

Мадияр Аймурза «Әділ Заңгер» құқықтық көмек орталығының өкілі:

– Егер неисе туралы келісім-шарт пен автоны сақтандыру шартында қаралған болса, банк сақтандыру полисіндегі қолданылмай қалған мерзім үшін ақшаны қайтаруы тиіс. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter