Сұрақ - сізден, жауап - бізден!
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сұрақ - сізден, жауап - бізден!

Жансая ӘБІЛҚАЗЫ:

Жақында ғана тұрмысқа шықтым. Қазір жекеменшік фирмада менеджермін. Балалы болсақ оның күтіміне байланысты үйде отыруыма тура келеді. Білгім келетіні, мемлекет тарапынан осы кезде қандай жәрдемақылар беріледі?

Жүктілік және босануға байланысты мемлекет тарапынан әлеуметтік төлемдерді бір рет ала аласыз. Сондай-ақ, бала күтімі бойынша сәби 1 жасқа толғанша, ай сайын әлеуметтік төлем беріліп отырады.

Әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін, әр айдың 20-шы жұлдызына дейін төленеді. Жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақы тағайындауға құжаттарды бала туғаннан бастап 12 айдан кешіктірмей беру керек. Сонымен бала туғанда келесі жәрдемақылар мен төлемдер ұсынылады:

- Баланың тууына байланысты мемлекеттік бір рет төленетін жәрдемақы (жұмыс істейтіндер үшін де, жұмыс істемейтіндер үшін де) – бекітілген жәрдемақы. Бірінші, екінші және үшінші туылған бала үшін төленетін жәрдемақы әрқайсысына 55 560 теңге, егер төртінші баланы босанса – 92 600 теңге болмақ.

- Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін). Мәселен, бірінші балаға ай сайын шамамен 10 186 теңге, екі балаға – 12 038, үшінші балаға – 13 890, төртінші балаға – 15 742 теңге төленеді.

- Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін). Бұл төлемдер жүкті әйелдің жұмысындағы жалақы мөлшеріне қарай есептеледі.

- Табысының жоғалуына байланысты жүктілік және босануы бойынша бір рет төленетін әлеуметтік төлем (жұмыс істейтіндер үшін). Бұл да әйелдің жұмыс істейтін жеріндегі белгіленген жалақы көлеміне қарай төленеді.

Егер бала күтіміне байланысты демалыста болған уақыт ішінде екінші балаңызға жүкті болсаңыз, онда төлемдердің 4 түрінен тек баланың тууына байланысты жәрдемақыны ғана және баланың күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақыны ғана ала аласыз. Екінші бала туылғанда «бала күтіміне байланысты» демалысты ұзарту туралы жұмыс берушіге өтініш жазуыңыз қажет.

Айта кетерлігі, жұмыс істеп жүріп балалы болған ана мен жұмыссыз босанған әйелге берілетін төлемдерде едәуір айырмашылық болады. Жұмысы жоқ әйелге әлеуметтік сақтандыру қорынан ешқандай қаражат бөлінбейді.

Аян ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ:

Жаңадан жұмысқа тұрғаныма алты ай болды. Отбасылық жағдайыма байланысты еңбек демалысына шықсам деймін. Заң бойынша, жұмыс істегеніме 1 жыл болмаса да еңбек демалысын ала аламын ба?

  2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 105-бабына сәйкес, жаңа жұмысқа орналасқан адам кез-келген уақытта өзі қызмет істейтін мекеменің келісімі бойынша ақылы еңбек демалысына шығуға құқылы. Алайда төлемақы мен демалыс күндерінің саны тек жұмыс істеген уақытына байланысты ғана есептеледі. Яғни, жұмыс өтілі 1 жылға толмаса, еңбек демалысы толық берілмейді.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдерi мен кестелерiне қарамастан еңбек демалысы күндерiне тура келетiн мереке күндерi есепке алынбай, күнтiзбелiк күндермен есептеледi. Еңбек кодексінің 101-бабында сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы көрсетілген. Еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушiнiң актiлерiнде қызметкерлерге жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледі. Жылдағы ақылы еңбек демалыстарын беру тәртiбi негізінде, жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу еңбек демалысы басталардан үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей қарастырылады.

Ақылы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен немесе оның өтiніші бойынша ғана ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкiн. Келесi жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердiң өтiнiшi бойынша басқа уақытта бөлек берiлуi де солай қызметкердің өтініші бойынша іске асады.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter