Белсенділігін арттыра түсуде
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тұрғындардың арыз-шағымымен етене танысып және оның шешілу жолын неғұрлым жеделдету мақсатында әлеуметтік желіде парақшаларының белсенділігін арттыра түсуде.
Бұған дейін «Фэйсбук», «Инстаграм», «Твиттер», «Вконтаке» желілерінде арнайы парақшаларын ашып, өзге де интернет қолданушылармен тығыз байланыс орнатып үлгерген әкімдіктің баспасөз қызметі енді «Инстаграм» желісінде жекелей хат-хабарлама алмасуға мүмкіндік туғанын жеткізді. Ол үшін тағы да қосымша парақша ашылған. Онда жекеге (direct-ке) келген немесе хэштегпен, арнайы белгілеу арқылы жолданған сауалдарға жеке-жеке жауап беріліп отырады. Ол үшін көкейіңізде жүрген шағым-тілектеріңізді @ontustik_derek аккаунтына жолдауыңыз қажет.
- ОҚО
- арызшағымымен
- Әлеуметтік желілер