CALL-орталық 2 мыңға жуық өтініш қабылдады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

CALL-орталық 2 мыңға жуық өтініш қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірыңғай байланыс орталығы қарқынды жұмыс жасауда. Бүгінгі таңға дейін онда екі мыңға жуық тұрғыннан өтініш келіп түскен. Оларға жеке тоқталатын болсақ, 1941 қоңыраудың 678-і жылу мәселесіне қатысты болса, 196-сы көгілдір отын, 117-сі ауыз суға қатысты сауалдар. 

163-і тек Шымкент қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталса, 373-і Шымкентке қарасты аудан әкімдіктеріне жолданған. Қалған 250-ге жуық өтініш өзге де салаларды қамтиды. Барлық өтініш қанағаттандырылған. Орталыққа көбіне Шымкент тұрғындары көптеп шағымданған. Осы ретте айта кетейік, өткен жылдың қараша айында жұмысын бастаған бірыңғай орталық тұрғын үй және коммуналдық мәселелер бойынша өтініштерді қабылдайды. Арыз-шағымды тек ОҚО тұрғындары ғана тастай алады. Байланыс орталығы таңғы сағат 09.00-ден кешкі 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал жылуға қатысты өтініштер тәулік бойы қабылданады. Өтініштер тастау үшін 8 (7252) 39-55-55 телефон нөміріне хабарласу керек.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter