«Желден де ақша жасаймыз»
Айдарымыздың бүгінгі кейіпкері – Бәйдібек ауданының әкімі Батырбек Көшербай. Батырбек Көшербай 1967 жылдың 15 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданына қарасты Мәдени ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Леңгір ауданы, Коммунизм колхозындағы «Мәдени» жалпы орта мектебінің табалдырығын аттаған. Мектепте оқу озаты болмаса да, есеп шығаруда алдына жан салмай, қатарластарын шаң қаптырып жүріпті. Жас болып, талай бұзықтық та жасаған. 8-сыныпты бітірген соң өзге сыныптастары секілді техникумға құжат тапсырады. Сөйтіп, 1982 жылы Шымкент кооперативті техникумының студенті атанады.