Көмірдің қызуынан оған талас-тартыстың «қызуы» басым
ОҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерғали Білісбековтің назарына!
Ауа райын болжаушылар биылғы қыстың біршама суық болатынын айтады. Бұл болжам қазанның қақ ортасында екі рет қар жаудырған табиғаттың тосын мінезінен кейін-ақ айтыла бастады. Қос қардан кейін арада біраз күн ауа райы жайлы болып тұрды да, қарашаның екінші жартысында қайта күшіне мінді. Міне, соңғы екі-үш күннен бері ақтүтек аяз бет қарататын емес.